Аралда есірткіні заңсыз сақтап, өзімен бірге алып жүрген 2 азамат қоғамдық жұмыс арқылы жазаларын өтеуде

Аралда есірткіні заңсыз сақтап, өзімен бірге алып жүрген 2 азамат қоғамдық жұмыс арқылы жазаларын өтеуде

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару- жүйесі департаментінің Арал аудандық пробация қызметінде есебіндегі 3 азамат қоғамдық жұмыстарды атқару арқылы жазаларын өтеуде.

Аудандық пробация қызметінің бастығы С.Сейдахметовтың айтуынша,  полиция қызметкерлері 2 азаматты тексеру барысында олардың  киімінің қалтасынан өзіндік иісі бар кептірілген есірткі заты табылып, оны өткізу мақсатында өзімен бірге заңсыз сақтағаны анықталған. Сот үкімімен  екі азаматқа да Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі  деп танылып, оларға 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалса, 1 азаматтың қалтасынан «кастет» деген металдық зат табылған. Кастет дегеніміз -соққы күшін ұлғайту үшін саусаққа киілетін тесіктері бар металл пластинка немесе дәнекерленген металл сақиналар, суық қару болып табылады.Жуырда кастетпен ұсталған азамат 80 сағат қоғамдық жұмысын толық өтеп, есептен шығарылған. Ал, екі азамат күніне 4 сағаттан аудандық әкімдік белгілеген орындарда тазалық жұмыстарын атқарып жүр.

«Қазіргі уақытта өз кінәмді толық түсіндім. Қандай қылмыс жасасаңда оның өтеуі жаза екенін біле тұра жасағаныма іштей өкінішім бар. Жазамды еңбекпен өтеп жатырмен. Бұл маған үлкен сабақ болды»,- деді есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив