«Заңдар адам игілігі үшін жазылуы тиіс»

«Заңдар адам игілігі үшін жазылуы тиіс»

Бүгін Алматы қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Ғ. Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық ғылыми зерттеу институтының және Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтті.

Конференцияны ашу барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ж.Түймебаев Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру міндетін қойғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Президенттің саясатын іске асыру аясында дәл осы ЖОО нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы үйлестіруді жүзеге асырады.

Конференцияда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы алғы сөзбен сөйледі.

Ғ.Асанұлының пікірінше, нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алудың тиімді нысандарының бірі. Ол аталған институтқа қоғам тарапынан ерекше қызығушылық бар екенін атап өтті. 600-ден астам адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге қатысуға ниет білдірді, оның ішінде конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша тізілімге неғұрлым даярланған 146 сарапшы енгізілді.

Оның мәліметінше, өткен жылдан бастап жаңа форматтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамамен 5 мыңнан астам НҚА жобасы қамтылды, онда тәуелсіз сарапшылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің 13 мыңнан астам факторларын анықтады.

«Ел басшылығы мен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың тиімділігіне үлкен үміт артады, бұл сарапшылардың кәсібилігі мен парасаттылығына тікелей байланысты», – деді Ғ.Асанұлы.

НҚА сараптамасын жүргізу мәселелерінде халықаралық ынтымақтастықтың негізінде сарапшылардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі А.Карстенс егжей-тегжейлі айтып берді. Оның айтуынша, бүгінде қазақстандық сарапшылар шетелдік әріптестерімен жемісті ынтымақтастық орнатқан. Өткен жылдан бастап халықаралық және Ұлттық мамандардың қатысуымен сарапшылардың біліктілігін арттыру бойынша 20 оқыту курсы өткізілді.

Өз кезегінде Ғ. Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық ғылыми зерттеу институтының директоры С.Әлімжанов орта есеппен бір нормативтік құқықтық акт жобасында 3 сыбайлас жемқорлық факторы бар екенін атап айтты.

Бұл ретте, оның пікірінше, сараптамаға жіберілетін НҚА жобаларының санын ескере отырып, үш жыл ішінде НҚА жобаларынан және қолданыстағы заңнамадан 100 мыңға жуық сыбайлас жемқорлық факторлары мен тәуекелдерін алып тастауға болады. «Егер бұл деректерді орта мерзімді перспективада экстраполяциялайтын болсақ, онда 3 жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың күшімен мемлекет пен қоғамға 65 миллиард теңге көлемінде залалды болдырмауға болады», – деді ол.

Конференция аясында Корея, Литва, Түркия, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылары өз елдеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу тәжірибесімен бөлісті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Andrez 15 января 2024 10:26

    When some one searches for his required thing, so he/she desires to be available that in detail,
    therefore that thing is maintained over here.

    my website; Adham

  2. аватар
    Travius 15 января 2024 10:33

    If some one desires expert view about blogging afterward i
    advise him/her to go to see this web site,
    Keep up the nice work.

    Feel free to visit my web site Jia

  3. аватар
    Ellena 15 января 2024 10:47

    Its like you read my mind! You seem to know a lot about this,
    like you wrote the book in it or something. I
    think that you could do with a few pics to drive the message home a bit,
    but other than that, this is fantastic blog. A great read.

    I'll definitely be back.

    Take a look at my site: Eriberto

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив