Жұбан елі жаңа жоба «Парасат жолын» қолдайды

Жұбан елі жаңа жоба «Парасат жолын» қолдайды

Республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы Сәдібек Түгел және Агенттік Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиеваның жұмыс сапары Ақжайық ауданында жалғасты.

Ақжайық ауданында Агенттік өкілдері Жұбан Молдағалиев атындағы орталықтың және аудандық «Парасат жолы» орталығының жұмыстарымен танысты.

Сонымен қатар, ауданның зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында қатысушылардың назарын «Парасат жолы» жобасының маңыздылығына аударып, жаңа жобаның еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысының орталығы болып табылатындығын атап өтті.

Аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов «Парасат жолы» жобасы ауданның барлық ауылдық кітапханаларында (18 ауыл) ашылғанын, аудандық жобаға белгілі ақын Сағынтай Бисенгалиев жетекшілік ететіндігін қонақтардың назарына жеткізді.

Кездесуге қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Шара барысында еңбек ардагері Дәулетжан Жақсыбаев, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Максим Үмбеталиев сөз алып, қазіргі замаңда ашықтылық пен парасаттылықтың ерекше маңызға ие екендігін атап өтті.

Аудандық «Парасат жолы» жобасының жетекшісі С.Бисенгалиев парасаттылық туралы өз жыр жолдарын жолдап, «Мен қазақпын» деп жырлап өткен Жұбан Молдағалиевтің туған жері адалдық пен патриоттылықтың түпқазығына айналатынына сенім білдірді.

Облыс орталығына қайтар жолда Агенттік өкілдері Жаңабұлақ ауылдық округі әкімдігінің жұмысымен танысып, ауылдық кітапханада болды.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив