Оңдасын Оразалин Антикордың «Парасат жолы» жаңа жобасын жүзеге асырудағы бастамасының маңыздылығын атап өтті

Оңдасын Оразалин Антикордың «Парасат жолы» жаңа жобасын жүзеге асырудағы бастамасының маңыздылығын атап өтті

12 наурыз, жұма күні Ақтөбе облысының әкімі «Парасат жолы» республикалық орталығының басшысы, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгелмен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиевамен кездесті.

Кездесу барысында Оңдасын Оразалин Антикордың қоғам арасында, соның ішінде кітапханалар арқылы парасаттылық, адалдық қағидаларын ілгерілететін «Парасат жолы» жаңа жобасын жүзеге асырудағы бастамасының маңыздылығын атап өтті.

Жоба жазушы, ақын, білім мен ғылым қайраткерлері сынды елдің түпкір-түпкіріндегі шығармашылық зиялыларының басын қосты.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба жобасы Ақтөбе облысында белсенді жүзеге асырылып келеді.

Өңірдегі 233 мемлекеттік кітапханада облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен мәдениет басқармасы арасындағы меморандумға сәйкес «Парасат жолы» орталықтары жұмыс жасайды. Бұл алаңдарда  қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялылары мен ғалымдар және руханият өкілдері үнемі ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізіп отырады.

Сонымен қатар, кездесу барысында Агенттік өкілдеріне «Ситуациялық орталық» жұмысы таныстырылды. Аумақты проактивті басқару және алдын ала қызмет көрсету: бюджет қаражатын 20-40% үнемдеу, басқарушылық шешімдердің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметтер мен ведомстволардың өзара іс-қимылының келісімділігін қамтамасыз ету, халық үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру – орталықтың басты мақсаты мен міндеті болып табылады.

 «Ситуациялық орталық» цифрландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Аталған жобаның авторлары мен бастамашыларының бірі -  «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі болып табылады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив