АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ 2020 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ 2020 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

Көкшетауда «Аntikor ortalyǵy» алаңында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаевтың 2020 жылғы қызметінің қорытындылары туралы брифингі өтті.

Мұрат Төлеубаев атап өткендей, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыты азаматтар мен қоғам өкілдерін кеңінен тарта отырып, парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жүйесін қалыптастыру болып табылады.

«Өткен жылы біз өңірдің 10 ұйымында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау, сонымен қатар, 15 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргіздік. 29 нормативтік-құқықтық актіге анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл маңызды алдын алу шарасы заңнамадағы олқылықтарды жою арқылы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жоюға мүмкіндік береді», - деп хабарлады спикер.

Департамент басшысы азаматтарға жедел және кедергісіз қызмет көрсету және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін облыстың барлық 19 ауданы мен қалаларында, сондай-ақ Көкшетау маңындағы Красный Яр ауылында «Сервистік әкімдіктер» ашылғанын айтты. Өңірдің мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарында «Ореn space» және front office форматындағы 97 кабинет орналасқан, олар да ашықтық пен айқындық қағидаттарын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының 700-ден астам кабинеттері бірінші қабаттарда орналасқан.

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету мақсатында «Adal kómek» жобасы іске асырылуда, оның аясында өткен жылы тәжірибелі заңгерлер, облыс өңірлерінің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары мен мемлекеттік органдардың мамандары әлеуметтік желілерде 1400-ге жуық онлайн-консультация өткізді. Қоғамды сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға кеңінен тарту үшін «Antikor.Live» онлайн режимінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті трансляциялау бойынша жобасы аясында 350-ден астам тікелей эфир жүзеге асырылды.

Департамент «Protecting Business and Investments» жобасы аясында кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні өңірде жалпы инвестиция сомасы 690 млрд. теңгеден асатын 67 бизнес-жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен жүруде. 19 кәсіпкер мен инвесторлардың құқықтары қорғалды және қалпына келтірілді, сондай-ақ шағын және орта бизнес қызметіне заңсыз араласу фактілерінің жолы кесілді.

Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу мониторингі шеңберінде өткен жылы сатып алудың бірыңғай терезесі арқылы 550 миллионнан астам бюджеттік теңге үнемделді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда түрлі қызмет салаларындағы ұйымдардың 2800-ден астам бюджетін жариялау Рublicbudget.kz Ашық бюджеттердің интерактивті картасы порталында қамтамасыз етілді.

«Мемлекет басшысы белгілеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды жүзеге асыру аясында біз тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті парасаттылық идеологиясы арқылы қалыптастыру қылмыстық-құқықтық шаралармен үйлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа жүйелі түрде қарсы тұруға, демек, азаматтарымыздың әл - ауқатын арттыруға мүмкіндік береді деп санаймыз», - деп түйіндеді Мұрат Төлеубаев.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив