Есірткі сақтағаны үшін 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған

Есірткі сақтағаны үшін 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған

Жуырда есірткі затын заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін К есімді азамат Қармақшы аудандық  пробация қызметінің есебіне  алынды. Оған сот үкімімен 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалған.

  Қазір таңда ол жұмыссыз болғандықтан, Жосалы кенті әкімінің өкімімен күніне 8 сағат  қоғамдық орындарды абаттандыру, тазалау жұмыстары арқылы , жазасын өтеуде.

«Өзім жұмыссыз болғандықтан, күніне 8 сағат қоғамдық жұмыс жасап, жазамды тезірек өтеп, пробация есебінен шығарылсам деймін. Бұл жағдай маған сабақ болды. Келешекте бұндай қателікке бой алдырмай, қоғамға пайдамды тигізетін азамат болсам деймін »,- деді есептегі азамат.

«2020 жылдың 12 айында  мәжбүрлі еңбекке 15 азамат тартылды. Олар күніне 4 сағаттан  жергілікті әкімдік белгілеген орындарда көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын атқарды. Бүгінде осы бір азамат қоғамдық жұмысқа тартылып, жазасын күніне 8 сағаттан өтеп жатыр. Уақытылы келіп, жұмысын тиянақты орындап жүр»,-деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы  Жақсыбек Жүнісов.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив