Ақмола облысында орта мектеп кеңсе жиһазын негізсіз сатып алған

Ақмола облысында орта мектеп кеңсе жиһазын негізсіз сатып алған

Бұл туралы «Antikor ortalyǵy» алаңында өткен онлайн-брифинг барысында «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Самира Тайтенова айтты.

Спикердің ақпараты бойынша, Ақмола облысында бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау мақсатында тұрғындардың бірі Рublicbudget.kz Ашық бюджеттердің интерактивті картасының сайтына өз бетінше мониторинг жүргізген.

Мониторинг барысында Бурабай ауданының орта мектебі жалпы сомасы 65 000 теңгеге кеңсе жиһаздарын сатып алуды жоспарлағаны анықталды, алайда бюджет қаражатын тиімді жұмсау және үнемдеу режимін күшейту мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың кеңсе жиһазын сатып алуына уақытша тыйым салынды.

«Осыған байланысты азамат оқу орнына шағым түсірді, алайда мектеп бұл жиһазды сатып алғаны белгілі болды. Өтініш негізінде анықталған бұзушылықтар үшін Бурабай ауданының білім бөлімі білім беру мекемесінің лауазымды тұлғасын тәртіптік жазаға тартты», - деді Самира Тайтенова.

Спикер атап өткендей, бұл мысал мемлекеттік органдардың халықпен кері байланысының орнатылуының және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюдың айғағы болып табылады, ал Интерактивті карта мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді диалогтық платформасына айналады.

Айта кетейік, әрбір тұрғын Ашық бюджеттердің интерактивті картасы арқылы мектептердің, балабақшалардың, ауруханалардың, емханалардың, өңір жолдарының бюджет ақшасының бірыңғай платформада қалай, не үшін және қанша мөлшерде жұмсалатынын көре алады, сондай-ақ ашықтықты қадағалап, оның дамуына әсер ете алады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив