Ақмола облысында Ашық бюджеттердің интерактивті картасы арқылы 5 млн теңгеден астам қаражат үнемделді

Ақмола облысында Ашық бюджеттердің интерактивті картасы арқылы 5 млн теңгеден астам қаражат үнемделді

 

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінен бастап бюджетті қалыптастыру мен жұмсауға қоғамның хабардарлығын арттыру арқылы мемлекеттік басқаруға азаматтық қатысуға жәрдемдесу мақсатында «Ашық бюджет» жобасын іске асыруда.

Осы жоба шеңберінде Департамент қызметкерлері «Ақмола - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдерімен бірлесіп, Ашық бюджеттердің интерактивті картасы арқылы бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалануға мониторинг жүргізді. Қазіргі таңда Интерактивті картаның порталында өңір ұйымдарының 2550-ден астам бюджеті орналастырылған.

Мониторинг қорытындысы бойынша Ақмола облысы аудандарының бірінің мемлекеттік мекемесі бюджеттік бағдарламасының әкімшісі ерлер мен әйелдер күрткелерін жалпы сомасы 6 950 000 теңгеге бір данасын 50 000 теңгеден сатып алуды жоспарлағаны анықталды.

Алайда, киім нарығын және басқа ұйымдардың мемлекеттік сатып алу жоспарларын талдау барысында ұқсас күрткелерінің орташа бағасы бір күртке үшін 11-ден 16 мың теңгеге құрайтыны анықталды.

Тапсырыс берушіге жоспарланған тауарларға оңтайлы бағаларды қайта қарау және орнату туралы ұсыныс хат жіберілді. Департаменттің ұсынысынан кейін мекеме мемлекеттік сатып алу бағасын төмендетті. Нәтижесінде бюджет қаражатының жалпы үнемделуі 5 000 000  астам теңгені құрады.

Айта кетейік, Интерактивті карта арқылы әрбір тұрғын әлеуметтік нысандарды жөндеуге және ұстауға бөлінген бюджет қаражатын бақылай алады. Ол үшін Publicbudget.kz порталына кіру жеткілікті.

Бұдан басқа, «Ашық бюджет» жобасы аясында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында тікелей эфирлерде құзыретті мамандар азаматтарға тегін кеңестер береді.

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

  1. аватар
    Antwan 29 сентября 2023 11:54

    Howdy I am so glad I found your website,
    I really found you by accident, while I was researching
    on Bing for something else, Anyhow I am here now and
    would just like to say thanks a lot for a marvelous post and
    a all round thrilling blog (I also love the theme/design), I don't have time to read it all at the minute but
    I have bookmarked it and also added in your RSS feeds, so when I have time
    I will be back to read a lot more, Please do keep up the superb job.


    Here is my web blog - België

  2. аватар
    Eleanor 13 января 2024 06:56

    Hi there i am kavin, its my first occasion to commenting anyplace, when i read this post i thought i could also make comment due to this good
    piece of writing.

    my web page - Clifton

  3. аватар
    Arden 8 апреля 2024 18:54

    Hello there, just became alert to your blog through Google, and found that it's
    truly informative. I'm gonna watch out for brussels. I'll appreciate if you continue this in future.

    Numerous people will be benefited from your writing.
    Cheers!

    Also visit my site: Mollie

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив