Нұр-Сұлтан қаласы бойынша статистикалық бизнес тіркелімде тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны туралы

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша статистикалық бизнес тіркелімде тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны туралы

2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны 81084 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалардың саны - 77412,   2831 - филиалдар және 841 - шетелдік заңды тұлғалар филиалдары. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда олардың саны  4523 бірлікке ұлғайды. Оның ішінде жұмыс істейтін заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны - 57213, олардан белсенді еместері (жаңалары) - 8109, белсенділері - 27338, уақытша белсенді еместері - 21766.

             Ағымдағы жылғы қазанда статистикалық бизнес - тіркелімі алғашқы тіркеуден өткен  822 бірлік субъектілермен толықтырылды. Сонымен қатар, тиісті кезеңде таратылған субъектілердің саны 138.

            Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының қатарынан 80181 - шағын, 544 - орта және 359 - ірі субъектілер болып табылады. Олардың саны қаланың аудандары бойынша мынадай қатынаста бөлінген: Алматы - 22568, Есіл - 19915, Сарыарқа - 20819, Байқоңыр - 17782.

             Қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны:

- көтерме және бөлшек саудада сату, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу - 22952;

- құрылыс - 15715;

- көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну - 9136;

- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 6292;

- әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет - 4205;

- өнеркәсіп - 4182;

- ақпарат және байланыс - 3309;

- жылжымайтын мүлікпен операциялар - 2961;

- көлік және жинақтау - 2908;

- білім беру - 2524;

- тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету - 2037;

- қаржы және сақтандыру қызметі - 1471;

- өнер, ойын-сауық және демалыс - 1245;

- денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер - 1204;

- ауыл, орман және балық шаруашылығы – 584;

- мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру - 352.

             Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының басшылары арасында ер адамдар саны - 57174, әйелдер саны - 23910 құрады.

Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив