Cтатистикалық бизнес-тіркелімде тіркелген Астананың заңды тұлғалары туралы

Cтатистикалық бизнес-тіркелімде тіркелген Астананың заңды тұлғалары туралы

2018 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Астананың жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларының саны 41495 бірлікті құрады. Олардың саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4757 субъектіге немесе 12,9%-ға өсті.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ішінде 98,2%-ы шағын, 1,1%-ы орта және 0,7%-ы ірі болып табылады. Меншікті  салмаққа сәйкес, олардың саны қаланың аудандары бойынша келесі тәртіпте бөлінді: «Алматы» - 27,4%, «Сарыарқа» - 26,4%, «Байқоңыр» - 23,8%, «Есіл» - 22,4%.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ең көп саны - 27,8%-ы - сауда, 19,8%-ы - құрылыс, 10,5%-ы - өзге де қызметтерді көрсету, 7,5%-ы - кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, 5,3%-ы - өнеркәсіп саласында,                     5,1%-ы - әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметте шоғырланған.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың негізгі бөлігі - 92,4%-ы шаруашылық серіктестіктері нысанында тіркелген. Қоғамдық, діни бірлестіктер мен қорлардың үлесіне жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың 3%-ы, мекемелерге - 1,4%-ы, тұтыну кооперативтеріне - 1,2%-ы, заңды тұлғалар бірлестіктеріне - 0,7%-ы, мемлекеттік кәсіпорындарға - 0,6%-ы, акционерлік қоғамдарға - 0,5%-ы, өндірістік кооперативтерге - 0,1%-ы келеді, коммерциялық емес ұйымдардың өзге ұйымдық-құқықтық нысандары - 0,1%.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар басшыларының арасында ерлердің үлесі 69,9%, әйелдер 30,1%-ды құрайды.    Жылдың басына олардың үлесі келесі арақатынаста анықталды: ерлер - 70,3%, әйелдер - 29,7%.

Әйелдер басшы болып табылатын, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың негізгі экономикалық қызмет түрлері:

- білім беру - 59,9%;

- денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетулер - 51,3%;

- тұру мен тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер - 42,7%;

- қаржылық және сақтандыру қызметі - 41,6%;

- жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар - 36,9%;

- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 36,8%.

2018 жылғы мамыр айында статистикалық бизнес-тіркелім алғашқы тіркеуден өткен заңды тұлғалармен 800 субъектіге толықтырылды. Сонымен қатар, сәйкес кезеңде таратылған субъектілер саны - 52.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив