Жол-көлік апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

 Жол-көлік апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

 

Жамбыл облысында соңы адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы ашылды, -деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері Тараз қаласының Сүлейманов және Қойгелді көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасын жасаған Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың 29 қыркүйегінде сағат 05:30-да Сүлейманов көшесінің тұрғындары полицияға “Kia rio” маркалы автокөлікті басқарған белгісіз жүргізушінің көлігімен  тұрғын үйге соқтығысқанын хабарлаған болатын.

Көліктен оқиға орнында қайтыс болған 28 жастағы қыздың мәйіті табылды. Жүргізуші апатты оқиға орнынан қашып кеткен еді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

“Жол апатына кінәлі адам ұсталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Абайсызда адам өліміне әкеп соққан аталған қылмысты жасағаны үшін Қылмыстық кодексте бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген”, – деді Жамбыл облысының ПД ЖПҚБ бастығы Рахымберді Әшкеев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив