Бүгін Нұр-Сұлтандық жас сарбаздардың алғашқы легі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне мерзімді қызмет атқаруға аттанды

Бүгін Нұр-Сұлтандық жас сарбаздардың алғашқы легі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне мерзімді қызмет атқаруға аттанды

Бүгін 2020 жылғы күзгі шақырылымның жас сарбаздар толымының алғашқы тобы Нұр-Сұлтан қаласының жиын пунктінен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарына әскери қызмет атқаруға аттанды. 

ҚР ҰҚК Шекара қызметіне жөнелтілетін жас сарбаздар, әскери ант қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы шығысындағы шекара бекеттеріне барып, ел тыныштығын қорғамақ.  

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің штаб бастығы – полковник Айдын Сагынбеков былай дейді:

«Биылғы жылғы ерекшелік – әскерге шақыру комиссиясын өткізу кезінде коронавирустің таралуына қарсы іс-шаралар қатаң қолданылады. Әскерге шақырылушыларға коронавирусты анықтайтын полимеразалық тізбектік реакция тесті жүргізіледі. Әскерге шақырылушылар және медициналық комиссия мүшелері әлеуметтік қашықтықты сақтап, медициналық бетперделермен және бактерияға қарсы антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілді.

Қыркүйек айының алғашқы күндерінен бастап мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру науқаны бастау алған болатын.

Жалпы осы күзде Нұр-Сұлтан қаласының 800-ден астам шақыру жасындағы азаматтары Қарулы Күштердің, Шекара қызметінің және Ұлттық ұлан әскери бөлімдері қатарына Отан алдындағы борышын атқару үшін аттанатын болады. Бұл үшін 18 бен 27 жас аралығындағы 9 000-дай ер азаматты дәрігерлік шақыру комиссиясының сараптамасынан өткізу жоспарланып отыр.

Қарулы күштеріміз озық технологиялар және заманауи техникалармен кеңінен жабдықталуда. Сол себепті әскеріміздің қатарын жас сарбаздармен толықтыруды сапалы жүргізуге аса көңіл бөлудеміз. Бұл күндері «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей, әскери қызметке білімді де білікті, денсаулығы мықты, психологиялық тұрғыдан сабырлы, байыпты жастардың арасынан үздіктердің үздігін, әскери бөлімдерге қажетті мамандық иелерін алдын ала дайындап отырмыз.

Елордадан қызметке жөнелтілген сарбаздарымыз әскери қызметті үздік атқарып, елдің қорғаныс қабілеттілігіне мол үлестерін қосатынына сенімдіміз!».

Әскери қызметке жөнелту кезінде жастардың ата-аналары мен жақын туыстары шығарып салу кезінде пандемияның таралуына жол бермеу мақсатында әлеуметтік қашықтықты сақтайтын болады.

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив