Қытайға тағы 78 қазақстандық кәсіпорын  зығыр тұқымын экспорттай алады

Қытайға тағы 78 қазақстандық кәсіпорын зығыр тұқымын экспорттай алады

         ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі кепілдікпен тағы 78 зығыр тұқымын және 8 бидай ұнын өндірушілерді ҚХР-ға экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне енгізуге қол жеткізді, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі

        Осылайша, қазіргі уақытта 103 зығыр тұқымын өндіруші (оның 78-і ҚР АШМ кепілдігімен) және бидай ұнын өндіретін 94 компанияның (64-і ҚР АШМ кепілдігімен) өз өнімдерін Қытайға экспорттауға құқығы бар.

        Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қытайда өткен "Бір белдеу, бір жол" халықаралық ынтымақтастық форумы барысында бидай ұнының экспорттық партияларына қойылатын фитосанитарлық талаптар жөніндегі хаттамаға, ал Мемлекет басшысының Пекинге сапары аясында Қазақстаннан Қытайға экспортталатын зығыр тұқымына қойылатын фитосанитарлық талаптар жөніндегі хаттамаға қол қойылған болатын. Құжаттарға қол қойылғаннан кейін қытай тарапы экспорт құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне бидай ұны мен зығыр тұқымын өндіретін 55 компанияны енгізді. Хаттамалар қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өнімді жеңілдетілген тәртіппен экспорттау құқығын береді.

       Соңғы жылдары Қазақстан фермерлері арасында зығыр егу кеңінен тарап келеді. Бұл дақыл өндірісте аса қымбат емес әрі күй талғамайды. Сондықтан республикада өндіріс көлемі де, зығыр егумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің де саны артуда. Алайда, бұл дақылды қарқынды егу салдарынан өңделген топырақтың тез сарқылу қаупі бар.

         Бірнеше жыл ішінде Қазақстан зығыр тұқымы мен зығыр майының ірі экспорттаушысына  айналды - жыл сайын барлық дақылдар сатып алынып, Еуропа мен Азияның бірқатар елдеріне экспортталады. Қазақстандық зығырдың ірі импорттаушыларының бірі - ҚХР.

АШМ Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив