АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІ БӨЛУ -АНТИКОРДЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІ БӨЛУ -АНТИКОРДЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

 

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл департаменті «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен, Арнайы мониторингтік топпен, сондай-ақ Қоғамдық бақылау тобының өкілдерімен бірлесіп, Соvid-19-мен күресу үшін әр түрлі елдерден апта сайын келіп түсетін гуманитарлық көмекті сүйемелдеуге мониторинг жүргізеді.

            Гуманитарлық көмекті «СҚ-Фармация» ЖШС қабылдайды, содан кейін Денсаулық сақтау министрлігімен келісім бойынша бөлу қағазы қалыптастырылады және ел өңірлері бойынша жүк тасымалдау жүзеге асырылады. Ақмола өңірінде облыстық Денсаулық сақтау басқармасы гуманитарлық көмекті бөлуді айқындайды.

            Соңғы бірнеше апта ішінде облысқа жеке қорғану құралдары мен медициналық бұйымдар түріндегі гуманитарлық жүк келді (Катар, Ресей, Қытай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Түркия, Өзбекстан, Израиль, Грузия, «Хуавей Текнолоджиз Казахстан» ЖШС).

            Сондай-ақ, Ресейден «Коронавир» таблеткадағы дәрілік препаратының 230 орамы, «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қорынан «Авифавир» таблеткадағы 176 орамы, Түркиядан «Гидроксихлорохин» 600 орамы жеткізілді.

            Қазіргі таңда Катар, Ресей, Қытай, ДДСҰ, Түркия, Өзбекстаннан келген гуманитарлық жүк Ақмола облысының аудандары мен қалаларының медициналық ұйымдарына таратылып, жеткізілді.

            Сонымен қатар, жақын арада Польшадан (дәрі-дәрмектер), Түркиядан (медициналық қорғаныс маскалары мен костюмдері, дәрі-дәрмектер) және ДДСҰ-дан (медициналық бұйымдар) гуманитарлық көмек түседі деп күтілуде.

            Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері тұрақты түрде Денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық мекемелердің өкілдерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды ұрлау мен қайта сатуды болдырмау мақсатында әрбір қаптамаға «Гуманитарлық көмек.Тегін.Сатуға болмайды» мөрі қойылады.

            Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынымы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау шеңберінде «СК-Фармация» ЖШС ресми сайтында коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында Қазақстанға түрлі мемлекеттерден келіп түсетін гуманитарлық көмекті бөлудің қоғамдық мониторингі үшін арнайы бөлім құрылды.

            Мемлекетке «СК-Фармация» арқылы келіп түсетін гуманитарлық көмектің түсуі және өңірлерге бөлінуі туралы ақпаратты https://sk-pharmacy.kz/rus/narodnyy_kontrol/gumanitarnaya_pomosh/ сілтемесі бойынша көруге болады.

            Сонымен қатар, дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз көтеруге және олармен алыпсатарлыққа жол бермеу мақсатында Департамент уәкілетті органдармен және жұртшылықпен бірлесіп медициналық мекемелер мен дәріханаларға мониторинг жүргізеді. Мониторинг шеңберінде қазіргі уақытта облыстың 300-ден астам дәріханасы, 30 аурухана мен емхана, 12 қойма үй-жайы қамтылған. Барлығы 30 бұзушылық анықталды, оның ішінде 27 дәрі – дәрмектің бағасын көтеру фактісі, 1 арнайы үй-жайлардан және дәріханалардан тыс сату фактісі, 1-басқа да бұзушылықтар. Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша 9 әкімшілік хаттама толтырылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив