ЕЛОРДАДА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІ БӨЛУ ЖӘНЕ ЖЕТКІЗУ ҮШІН ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ

ЕЛОРДАДА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІ БӨЛУ ЖӘНЕ ЖЕТКІЗУ ҮШІН ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ

 

Бұл туралы «Астана - адалдық алаңы» жобасының жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты МИРАС ШЕКЕНОВ және Нұр-Сұлтан қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева брифинг барысында айтты.

Елорданың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі арнайы мониторинг топ өкілдерімен және «Астана - адалдық алаңы» жобасының менеджерлерімен бірлесіп коронавирустық инфекциямен күресу үшін Қазақстанға келген гуманитарлық көмектің бөлінуі мен жеткізілуіне мониторинг жүргізуде.

Аталған жұмыс қала аумағында гуманитарлық көмекті бөлшек сауда фактілеріне жол бермеу мақсатында жүргізілуде.

Бүгінгі таңда вирусқа қарсы препараттар, медициналық маскалар мен қоғаптар, электрондық термометрлер, өкпені жасанды желдетуге арналған аппараттар, коронавирустық инфекцияны анықтайтын тесттер көрші елдерден келіп түсуде.

Мирас Шекенов қазіргі уақытта жұмыс тобы Ресей Федерациясынан, Қытайдан, Түркиядан және Өзбекстаннан келген гуманитарлық көмектің «СҚ Фармация» қоймаларынан медициналық ұйымдарға дейін жеткізу қадағалануда екенін атап өтті.

Сонымен, 15 шілдеде «СҚ Фармация» қоймасынан Ресей Федерациясы мен Қытайдан келген гуманитарлық көмек елорданың денсаулық сақтау басқармасына 2790 қорғаныс киімдері, 22 мың үш қабатты бір рет қолданылатын маскалар, 236 пакет «Короновир» вирусқа қарсы препараты, 450 дана медициналық қорғаныс киімдері, 3000 дана хирургиялық қолғаптар, 15 дана инфрақызыл термометрлер -, 2200 дана медициналық маска, 3040 дана хирургиялық маскалар, 2084 коронавирустық инфекцияны зерттеуге арналған тесттер жеткізілген.

Түркия Республикасынан 5 өкпені жасанды желдетуге арналған аппараттар, 700 пакет Гидроксихлорокин препараты, 12700 дана медициналық және бір реттік маскалар, 2100 қорғаныс киімдері жіберілген.

Өзбекстаннан келген гуманитарлық көмекті жөнелту жоспарлануда. Елордаға 118 400 медициналық және бір реттік маскалар, 71 000 медициналық қолғаптар мен 6 200 гигиеналық қолғаптар, 6 100 нитрилді қолғап (S, L, M), 36 650 бір реттік хирургиялық қолғаптар жолданған.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жіберетін гуманитарлық көмек жөнелтілуде.

Елордаға 54 мың тыныс маскасы, 20 000 медициналық және хирургиялық маскалар, 7500 медициналық халаттар жіберілген.

Гуманитарлық көмек Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерге таратылады - бұл «№1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 15» ШЖҚ КМК қалалық емханалар, «Мамандандырылған балалар үйі», «№1, 3 көпсалалы қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК, «№ 2 қалалық көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ МКК, «№ 1, 2, 3 қалалық көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК, «Орталық жол ауруханасы» ЖШС, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ, «Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық ауруханасы», «Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Бас әскери клиникалық ауруханасы» және т.б.

Сондай-ақ, кез-келген азамат гуманитарлық көмектің таралуын қадағалауға қатыса алатындығын еске саламыз. Ол үшін«Астана - адалдық алаңы» жобасының + 7 775 160 5532 WhatsApp нөмірі қосымшасына өтініш қалдыру керек.

СҚ «Фармация» қоймаларынан гуманитарлық көмекті медициналық ұйымдарға тарату мен жеткізуді бақылау жұмыстары жалғасуда және елорданың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, «Астана - адалдық алаңы» жобасының менеджерлері мен Арнайы мониторингтік топ мүшелерінің бақылауында.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив