Солтүстік Қазақстан облысында сегізінші «ашық әкімдік» іске қосылды

Солтүстік Қазақстан облысында сегізінші «ашық әкімдік» іске қосылды

«Қызылжар – адалдық алаңы» жобасы аясында Уәлиханов ауданының орталығы – Кішкенекөл ауылында кезекті «Ашық әкімдіктің» салтанатты түрде ашылуы өтті.

Аталған рәсімге аудан әкімі Медет Оспанов, сонымен қатар облыс әкімінің жаңа орынбасары Ғани Нығметов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Ернар Баянғазин қатысты.

Барлығы облыста 2019 жылдан бастап аудандар мен қалаларда 8 сервистік әкімдік ашылды, бұл 60% құрайды. Жыл соңына дейін барлық аудан әкімдіктерінің жұмысын «open space» форматына көшіру жоспарлануда.

«Орталық тегін Wi-fi-мен жабдықталған, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы мен азаматтарды қабылдау орны бар. Алдағы уақытта мүгедектерге қолайлы жағдай жасап, бейнекамера мен дыбыс жазу құрылғысын орнатуды жоспарлап отырмыз. Аталған орталықта 40-тан астам түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілетін болады», - деді аудан әкімі Медет Оспанов.

Ашылу салтанатынан соң қонақтар орталық жұмысымен танысып, қызметкерлермен әңгімелесті.

«Мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығы – біздің жұмысымыздың басты басымдығы. Біз бірнеше жобаны іске қостық. «Ашық бюджет» жұмыс істейді. Мемлекеттік органдар барлық құжат айналымын электрондық форматқа ауыстыруда. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты төмендетуге және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға мүмкіндік беруде. Бұл бағыттағы жұмысты үйлестіруде және жүйелі түрде жүзеге асыруда «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алатын орны ерекше», - деп атап өтті Ернар Баянғазин.

Облыс әкімдігінде атап өткендей, қазір халықпен өзара іс-қимылға бағытталған трансформация жүріп жатыр, бұл тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив