«Ашық әкімдік» Солтүстік Қазақстан облысының аудандарына жетті

«Ашық әкімдік» Солтүстік Қазақстан облысының аудандарына жетті

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен келді.

Ведомство басшысы алдымен Аққайың ауданының орталығы Смирново ауылында өңір басшысы Құмар Ақсақаловпен бірге салтанатты түрде «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесінің жұмысын іске қосты.

Орталықтың ашылуы ауыл тұрғындары үшін маңызды жетістік. Бұдан былай аққайыңдықтар шенеуніктерге тікелей жүгінбей-ақ, өзекті мәселелері бойынша кеңестер мен қажетті мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы түрде алатын болды.

Фронт-кеңседе тоғыз мемлекеттік органның мамандары жайғасқан.

«Мұндай тәжірибені жан-жақты тарату қажет. Халықпен өзара байланысты арттыруға бағытталған трансформация кезеңінде, барлық қызмет көрсетушілердің бір ортаға жиналғаны қуантады. Бұл тұрмыстық жемқорлықтың жойылуына септігін тигізеді. Бірте-бірте барлық әкімдіктер бұл індеттен мүлдем айығатын болады», – деді Алик Шпекбаев.

«Ашық әкімдік» қоғамдық қабылдау форматында да қызмет ететін болады. Егер мәселенің шешілуі аудан басшысына немесе оның орынбасарларының қатысуын талап етсе, арызданушы 1 қабатта ашылған арнайы бөлмеде қабылданады. Бұған қоса, кеңсе қызметкерлері тұрғындардың ауылдағы тұрмысты жақсартуға бағытталған ұсыныстарын жинақтап, талдаумен айналысатын болады.

«Қазіргі уақытта бізде фронт-кеңселер қалалық және аудандық әкімдіктерде қызмет етуде. Жылдың соңына дейін облыстың үш ауданында ашуды жоспарлап отырмыз. Уақытты үнемдеп, бір орында бірнеше кеңес алу – барлығы тұрғындар үшін жасалған», – деді Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ, фронт-кеңсеге келген азаматтар қызметтерді тек мемлекеттік органнан алып қана қоймай, өзіне-өзі қызмет көрсету зонасы арқылы электронды үкімет порталын толыққанды пайдалану мүмкіндігіне ие. Аудан әкімі Рүстем Елубаевтың айтуынша, бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен азаматтардың өтініштерімен жұмыстың сапасын арттырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның мәліметі бойынша бүгінгі таңда еліміздің 686 мемлекеттік мекемесі осындай «Open space» форматына көшкен.

 

_______________________________

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив