Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілерге сынақ мерзімі қандай жағдайларда тағайындалмайтынын түсіндірді

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілерге сынақ мерзімі қандай жағдайларда тағайындалмайтынын түсіндірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Мысалы, онлайн форматта облыстың жергілікті атқарушы органдарының персоналды басқару қызметінің өкілдерімен семинар өткізілді. Аталған семинар аясында мемлекеттік қызметтегі сынақ мерзімі мен тәлімгерлікті ұйымдастыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін талдау қорытындылары айтылды.

Семинар барысында сынақ мерзімі мен тәлімгерлікті ұйымдастыру мәселесы қозғалды. Мысалы, енгізілген өзгерістерге сәйкес, сынақ мерзімі бұдан былай мемлекеттік қызметке қабылданған сәттен бастап есептеледі. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін сынақ мерзімі арнайы тексеруден сәтті өткеннен бастап қана тағайындалатын болған.

Сонымен қатар Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Гүлмира Евниеваның айтуынша, сынақ мерзімі мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған тұлғаларға ғана тағайындалады. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметке қайта түсетін тұлғаларға сынақ мерзімін тағайындау талабы ережемен көзделген жағдайларды қоспағанда жойылған. 

Іс-шара соңында мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтеріне тәлімгерлікті ұйымдастыру бойынша жұмысты әрі қарай жалғастыруға ұсынымдар берілді. Семинарға қатысушылар барлық толғандырған сұрақтарына жауап алды.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив