ШЫҒЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШЕНЕУНІКТЕРГЕ  БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ҮНЕМДЕУДІ ҮЙРЕТУДЕ

ШЫҒЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШЕНЕУНІКТЕРГЕ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ҮНЕМДЕУДІ ҮЙРЕТУДЕ

 

Ағымдағы жылғы 28 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша онлайн-кеңес өтті.

Іс-шараға ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Е.Н.Жалмағамбет, қала және аудан әкімдері, облыстық басқармалардың басшылары қатысты. 

Аталған кеңес барысында, ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы, биылғы жылдан бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығын қатаң қадағалайтынын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының мамандары әкімдіктер сатып алған тауарлар мен қызметтердің орташа нарықтық құнын зерделейді.

"Талдау көрсеткендей, жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік сатып алу рәсімдері кезінде кәсіпкерлер мен үлестес тұлғалардың мүддесін заңсыз қолдау, пара алу, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану және бюджет қаражатын жымқыру сияқты схемалар жиі кездеседі.

Мемлекеттік сатып алу саласы сыбайлас жемқорлық жиі кездесетін салалардың бірі болып табылатындығын ескере отырып, бүгінгі күні тұрақты негізде мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы шарттарда орын алуы мүмкін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына мониторинг жүргізіледі.

Нәтижелері бойынша, шығыстары мемлекеттік сатып алудың негізгі шарттарынан бірнеше есе асатын қосымша келісімдер жасалатын фактілер анықталуда.

Қазіргі таңда бұл жұмысқа арнайы мониторингтік топтар, сондай-ақ "Атамекен" ҰКП белсенді қосылды.

Бұдан басқа, Департамент "Бірыңғай сатып алу терезесі" порталы арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алу бағасын көтеру мәніне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізеді.

Жүйе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоспарлау сатысында анықтауға, мониторинг жүргізуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін онлайн режимінде тексеруге мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері облыстық қазынаны түзету жұмыстары жүргізіліп, 107 миллион теңгеден астам өңірлік бюджет үнемделді.

Осыған байланысты, басшылар тиісті шараларды қабылдай отырып, барынша егжей-тегжейлі мониторинг жүргізуді қамтамасыз етулері қажет", - деп атап өтті кеңес барысында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Е.Жалмағамбет.

Жиын соңында, облыс әкімі Д.Ахметов ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастамасын қолдап, жергілікті атқарушы органдардың басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив