ШҚО ӘКІМІ ШЕНЕУНІКТЕРДІ БАҒЫНЫСТЫЛАРЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАСАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЕСКЕРТТІ ЖӘНЕ БІРҚАТАР ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

ШҚО ӘКІМІ ШЕНЕУНІКТЕРДІ БАҒЫНЫСТЫЛАРЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАСАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЕСКЕРТТІ ЖӘНЕ БІРҚАТАР ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

Ағымдағы жылғы 28 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша онлайн-кеңес өтті.

Іс-шараға ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Е.Н.Жалмағамбет, қала және аудан әкімдері, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

Кеңес барысында бағыныстылары сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қызметтен кету институтының мәселелері талқыланды.

"Өздеріңізге белгілі, бұл институт Елбасының бастамасымен, Мемлекет басшысының қолдауымен іске асырылды. Жеке жауапкершілік нормасы – жүйелі сыбайлас жемқорлықты жоюдың тиімді тәсілі, ал жеке жауапкершілікті енгізу сыбайлас жемқорлық фактілерін азайтуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Е.Н.Жалмағамбет.

Жаңа Заңға сәйкес бірінші басшы өзіне тікелей бағынатын адамға қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде қызметтен кетуге міндетті.

Саяси емес, А және Б корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын басқа да барлық басшыларға қатысты оларға тікелей бағынысты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған жағдайда Заңмен тәртіптік жауапкершілік енгізілді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қол қойған Заңға сәйкес бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауының алдын алу бойынша басшылардың міндеті енгізілді. Бұл міндетті мүлдем орындамау немесе тиісінше орындамау басшының тәртіптік жауапкершілігіне әкеп соғады.

Сонымен қатар, кеңес барысында Департамент басшысы Е.Н.Жалмағамбет: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Осыған байланысты, Агенттіктің бастамасы бойынша елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мақсатында Агенттіктің ақпараттық-ағартушылық штабы, "ADAL KÓMEK", "Шығыс – Алаңдық алаңы" және т.б. жобалары іске асырылуда.

"ANTIKOR ORTALYGY" сервистік орталығы мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал етуде. Аталған орталықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Кез-келген азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түрлі іс-шаралар өткізу үшін сервистік орталықтың мүмкіндіктерін пайдалана алады".

Іс-шара соңында, облыс әкімі Д.К.Ахметов ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастамаларын қолдап, жергілікті атқарушы органдардың басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив