ТОБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ОНЛАЙН ДИАЛОГ БАРЫСЫНДА АЙТЫЛДЫ

ТОБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ОНЛАЙН ДИАЛОГ БАРЫСЫНДА АЙТЫЛДЫ

 

         Бүгін «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында Департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Арнайы мониторингтік тобының төрағасы Шавкат Исмаиловтің қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Арнайы мониторингтік тобының жұмысы  туралы онлайн сұхбат өтті.

         Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының Арнайы мониторингтік топ  құрамында денсаулық сақтау, білім беру, құқықтық азаматтық қоғам және басқа да  сала өкілдерінен құрылған 26 мүше бар, онда әрбірі белгілі бір салаға бекітілген.

         Спикер Шавкат Абдуллаевичтің айтуынша АМТ  құрудың негізгі мақсаты - 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруға сыртқы талдау мен бағалау жүргізу, сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша жоспармен бекітілген іс-шаралардың орындалу сапасына мониторинг жүргізу болып табылады.  

         Мәселен, Ұлттық тестілеу орталығының бастамасы бойынша а.ж. қаңтар айында АМТ мүшелері сынама Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру барысының мониторингіне қатысты. Өткізілген жұмыста негізгі бақылауға тестілеуді дайындау және өткізу бойынша оқу орындарының қызметі алынды. Бұл тәжірибе жалғастырылатынын атап өткім келеді.

         Арнайы мониторингтік топ «Астана – адалдық алаңы» жобасының менеджерлерімен және «Nur-Otan» ХДП Партиялық бақылау комиссиясымен бірлесіп короновирустық инфекцияның алдын алу және оны таратпау жөніндегі шараларды күшейту мақсатында орнатылған бекеттер блогының жұмысына мониторинг жүргізуде.

         ТЖ режимі кезеңінде эпидемиологиялық жағдайында BIG ШАНХАЙ», «ШАРЫН», «АСТАНАЛЫҚ»  сауда және қызмет көрсету объектілерінде бағалардың көтерілуі, жұмыс кестесінің, сондай-ақ санитарлық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында көтерме сауда базарларында бағалардың шамалы өсуі, жеке сауда орындарында бағаның өсуі айрықша байқалады.

         Сондай – ақ, кең жұртшылыққа тұрғын үй кешендеріне дезинфекция жүргізу және оны ұйымдастыруға кім жауапты екені туралы ақпарат беру үшін арнайы мониторингтік топ «Nur-Otan» партиялық бақылау комиссиясымен бірлесіп, үш мердігер компаниялардың бірінің жұмысына мониторинг жүргізді.

         Осы және басқа да жұмыстарды АМТ мүшелері «Астана – адалдық алаңы» менеджерлерімен және қоғам өкілдерімен бірлесіп тұрақты негізде жүргізеді.

         Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив