Елдегі төтенше жағдайға байланысты Қазақстан үкіметі 42500 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындады

Елдегі төтенше жағдайға байланысты Қазақстан үкіметі 42500 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындады

           Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай мен карантинге байланысты халықтың белгілі бір тобына әлеуметтік көмек бөлуге шешім қабылдады.  Қазіргі таңда 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы көрсетіліп жатыр. Төтенше жағдайдын салдарынан өздерінің тауып жүрген табыстарынан, жалақыларынан, айлықтарынан айырылып қалған азаматтарымызға  арналған әлеуметтік төлем. Бүгінгі таңда  3млн.960 мың адамға  әлеуметтік төлем тағайындалды - 157млрд теңге қаражатқа. Әлеуметтік төлем әлеуметті бағыттағы төлем,  елімізде осы төтенше жағдай орын алмаған жағдайда да,  халықтың басым табысы аз, жалақысы төмен, зейнетақы және жәрдемақы көп емес екені белгілі, көпшілікке осы төлем көмек ретінде қажет екендігі туралы айтып кетті - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік министірі. Үкімет тарапынан қазіргі уақытта біраз жеңілдіктер мен көмектер көрсетіліп жатыр.  Айта кетсек,  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табыстың жоғалуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына тағайындалады - орта, шағын және микро кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне, жеке кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын азаматтар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор), бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер, салық агенттеріне, міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) объектісіне, азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша табыс алатын тұлғаларға, карантин енгізілген елді мекендердегі ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысшыларына.  Жұмыстан босатылған қызметкер, жұмыссыз ретінде тіркелу және жұмысынан айрылып әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін жұмыспен қамту орталығына  өтініш беруі керек. Төлем автоматты түрде жасалады. Егер азамат жұмыссыз ретінде тіркелсе онда әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті "электронды үкімет" веб-порталы арқылы беруге болады. Қызмет Enbek.kz электрондық еңбек  сайтында қарастырылады. Өтінімдерді қарастыруды  және әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жалпы мерзімі - 3 жұмыс күні.  Жұмыстан шығарылған ел тұрғындары жұмыстан айырылуына байланысты бір айдан алты айға дейін әлеуметтік төлем ала алады. Төлем соңғы 24 айдың ішіндегі табыс пен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады. Одан басқа, банк картасы жоқ адамдар да әлеуметтік жәрдемақы ала алады. Олар өтініш толтырған кезде есепшот деген жерге ештеңе жазбай, жіберуі керек. Барлық талаптарға сай келсе, жәрдемақы тағайындалады. Ал өтініш жіберушіге есепшот ашуға бір ай уақыт берілетіні де айтылып кетті. Тағы да, кәсіпкерлікпен айналысып, бірыңғай жиынтық төлем жасап жүрген мүгедек жандарға 42500 теңге ай сайын беріледі және декретте отырған бір жылдан асқан аналар да мемлекеттік жәрдемақыны алуға мүмкіндігі бар. Төлемақы алу үшін төленетін 2651 теңге төрт бағытқа бөлінеді – әлеуметтік аударымдарға, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жарналары және МӘСҚ- дағы медициналық сақтандыруға. Төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметі шектелмейді және жұмысшылардың көпшілігі қашықтан жұмыс істейді, ал демалыссыз жалақыға кейбір мемлекеттік қызметкерлердің сұранысы бойынша ғана жіберілді. Мемлекеттік қызметшілерге 42 500 теңге қарастырылмайды. Студенттерге   42 500 теңгені тағайындау, егер төтенше жағдайдың туындауына байланысты жұмыстарынан және кірістерінен айырылса, олар жәрдемақы алуға құқылы, олар өтініштерді толтыру кезінде өздерінің қазіргі жағдайларына басланысты арнайы бөлімді белгілеп, ақпаратты дұрыстап толтыруы керек. 42500 теңгелік төлемақы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде табыс құрамында есепке алынбайды және жеке табыс салығы онымен қоса міндетті зейнетақы жарналары мен басқа да аударымдар алынбайды, сонымен бірге банктер мен ұйымдарға осы сомадан борыштарды (несиелер, коммуналдық төлемдер және т.б. үшін) өндіріп алуға тыйым салынады. Бұл көмек тек мұқтаж жандарға беріледі. Жәрдемақыны алу үшін egov.kz порталы немесе 42500.enbek.kz сайтына жүгіну керегін айта кетейік.

 

 Жатканбаева М.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив