ЕЛОРДАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБ ПАРАСАТТЫЛЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ

ЕЛОРДАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБ ПАРАСАТТЫЛЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының біріне айналды.

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мінез-құлықты қалыптастыруға, қоғамдық бақылауды күшейтуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға басты назар аударылуда.

Қазіргі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қоғамның дертіне айналған осы құбылыспен күресудің жаңа форматына көшті.

Оған басты себеп жоғары және орта білім беру ұйымдары мен мектептердегі Агенттіктің бастамасымен жүзеге асырылған «Адалдық алаңы» жобасы аясында ашылған «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ», «Адал білім», «Әдеп», «Парасаттылық» жобалық кеңселер.

«Адалдық алаңы» жобасы аясында мемлекеттік аппарат неғұрлым ашық және айқын бола түсті. Агенттіктің бастамасымен барлық өңірлерде  диалог алаңына айналған сервистік «ANTIKOR ORTALYGY»,  фронт-кеңселер және сервистік әкімдіктер ашылды.

Қазіргі уақытта өңірлердегі ақпараттық үгіт-насихат штабтарының атқарған жұмыстары аясында азаматтардың құқықтық санасы өсіп, көзқарастары өзгерді деп айтуымызға болады. Себебі, елордалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда, жоғары және орта білім беру мекемелерінде, әскери қызметшілер және құқық қорғау органдары мен медицина саласының  қызметкерлерімен кездесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңға енгізілген өзгерістер мен күшейтілген жауапкершілік, адалдық, парасаттылық, сенім, әдептілік секілді құндылықтарды көтере отырып түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Өздеріңізге мәлім тұтқиылдан келген жаман індет – коронавирус дерті барша адамзатқа қауіп-қатер төндіруде. Еліміз қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты барлық мемлекеттік мекемелер мен оқу орындары  онлайн режимге көшті.

«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында штаб жетекшісі және мүшелері әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, тиісті кеңестер берілуде. Сонымен қатар, адалдық, парасаттылық, сенім және отбасы құндылықтары тұрақты түрде насихатталуда. Азаматтар белсенділік танытып, өз ұсыныстарын жолдап жатқандар да аз емес.

Осыған қарамастан онлайн режимінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыруды тоқтатқан жоқ. Осы бағытта университетіміздің «Әдеп» жобалық кеңсесі де еріктілермен бірге белсенділік танытып жатқандығын айтуға болады. «Әдеп» еріктілері бүгінгі қалыптасқан жағдайға байланысты халықты бірігу мен бірлесуге шақырған бейне роликтерін әлеуметтік желіге таратып, қазіргі жағдайға байланысты ой пікірлірін ортаға салды.

Азаматтарды адалдыққа, парасаттылыққа шақыру штабтың басты мақсаты. Штаб мүшесі ретінде барша қазақстандықтарды сабырға, байсалдылыққа және бірге болуға шақырамын.

 

 Нұғыманов Е.

заң ғылымдарының кандидаты

Нұр-Сұлтан қалалық

ақпараттық-ағартушылық

штаб мүшесі

ЕҰУ «Әдеп» жобалық кеңсе

 жетекшісі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив