Ақмола облысында 4,9 млн. гектарға егін егіледі

Ақмола облысында 4,9 млн. гектарға егін егіледі

Ақмола облысында осы көктемде жалпы 4,9 млн. гектар жерге егін егіледі. Оның басым бөлігіне дәнді дақылдар салынады. 

ҚР АШМ баспасөз қызметі өңірлердің көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дайындығы туралы ақпарат беруді жалғастырады. Бүгін Ақмола облысындағы жағдай баяндалады.

Ағымдағы жылы аталмыш аймақта 4 млн 889 мың гектар жерге жаздық егіс өткізу жоспарлануда.

Егіс алқабының басым бөлігіне - 4 млн 438 мың гектар немесе 91%-ы дәнді-бұршақты және дәнді дақылды тұқым себіледі. Оның 3млн 734 мың гектар немесе егіс алқабының барлық көлемінің 77%-на жаздық бидай егіледі. Бұл былтырғы жылмен салыстырған 150 мың гектарға артық.

700 мың гектар жер астам арпа, сұлы, жасымық және бұршақ егуге бөлінген. Өте аз көлемде шаруалар тары, қарақұмық және нут себеді.

Майлы дақылдарды 254 мың гектарға (2019 жылға қарағанда 600-ге артық), ағымдағы жылдың азықтық шөптерін 181 мың гектарға (3 мыңға жуық артық) орналастыру жоспарлануда, картоп және көкөніс алқабын 2 мың гектарға – 20 мыңға дейін кеңейтеді.

Облыста егіс науқанына дайындық белсенді жүргізілуде. Өңірде 530 мың тонна тұқым себілді (қажеттіліктің 100,1%). Бүгінгі күні аккредиттелген зертханаларда 425 мың тонна тұқым тексерілді.

Сондай-ақ, облыс аудандарында сортты алмастыру және сұрыптық жаңартуды жүргізу үшін аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілерінен жоғары репродукциялы тұқымдарды іріктеу бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

2020 жылдың егіс науқанында 14,3 мыңнан астам трактор, 16,1 мың тұқым сепкіш және 1,2 мың бірлік өнімділігі жоғары егіс кешендері жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта техниканың 100% толық дайын.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін Ақмола облысының аграрларына 74 мың тонна дизель отыны, 7,6 мың тонна бензин және 4,1 мың тонна дизель майы қажет.

ҚР Үкіметі Ақмола өңірі үшін 68 мың тонна кепілді дизель отынын бөлді, оның ішінде Павлодар МСЗ-дан – 30 мың тонна, Шымкент мұнай зауытынан – 32 мың тонна және Атырау МӨЗ-нан -  6 мың тонна.

Бүгінгі күні МӨЗ-мен наурыз айына – 30 мың тоннаға келісім-шарттар бойынша жасалып, 100% төленді, оның өңірге 23,6 мың тоннасы немесе 78,6% тиелді.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және кредиттік серіктестіктер төмен пайызбен көктемгі-егіс жұмыстарына несие беру мәселелері шешілді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 6 млн теңгеге дейінгі беретін несие - шағын шаруашылық субъектілеріне жақсы демеу болады.

Бұдан басқа, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-мен бірлесе отырып, өтімді мүлік кепілдігімен, ЕДБ, «Есіл» ӘКК АҚ кепілдігімен көктемгі-дала жұмыстарына несие беру мәселесі пысықталуда.

Карантиндік режимге қарамастан ағымдағы жылдың көктемгі-егіс жұмыстары бойынша іс-шаралар белсенді жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы техникасының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ тұқым материалын алып келу, жанар-жағар май мен қосалқы бөлшектерді жеткізу үшін облыста арнайы алгоритмі әзірленді.

Блок-бекеттердегі кептеліс болдырмау үшін жауапты қызметтер шаруаларға арнайы өтінімді беруге көмек көрсетеді.

«Жасыл дәліз» қағидаты бойынша ауыл шаруашылығы техникалары үшін (белгіленген орынға дейін), сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу мен қызмет көрсетуді, тұқым материалын, ЖЖМ, ауыл шаруашылығы техникалары үшін қосалқы бөлшектерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді химиялық қорғау құралдарын, ветеринариялық препараттарды және биологиялық материалдың сынамаларын жеткізуді жүзеге асыратын отандық және шетелдік компаниялардың автомобильдері үшін жол жүру ұйымдастырылды.

Жергілікті жерлерде қызметкерлерді көктемгі-егіс жұмыстарына орталықтандырылған бірыңғай жеткізу мәселелері шешілуде.

Жалпы, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық ерекше бақылауда.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив