ANTIKOR.LIVE: ШҚО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі күнделікті «тікелей эфирде»

ANTIKOR.LIVE: ШҚО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі күнделікті «тікелей эфирде»

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуді тапсырды.

Төтенше жағдай кезінде танымал әлеуметтік желілер (Instagram, Facebook, YouTube, WhatsApp және т.б.) аудиториясы белсенділігінің артуы байқалады.

Қазіргі жағдайда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саясатын іске асыру жаңа ақпараттық талаптарға бейімделуді талап етеді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жаңа ақпараттық ағында іске асыру халықпен кедергісіз байланыс құру үшін инновациялық тәсілдің қажеттілігін көрсетеді.

Осыған орай, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі «Antikor.Live» жобасын іске қосты.

Бұл жоба on-line режимде сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті үнемі жариялауға арналған алаң болып табылады.

Енді әр дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 11.00-ден бастап 12.00-ге дейінгі аралықта ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин, сейсенбі күні дәл сол уақытта «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Е.Н.Березинская-Абилова, бейсенбі күндері арнайы мониторингтік топ жетекшісі Станислав Каримов облыс тұрғындарымен «тікелей эфирге» шығады.

«Тікелей эфир» барысында азаматтардың назарына елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары, жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін сыйақы беру шаралары, хабарлаушыларды қорғау және т.б. тың ақпараттар ұсынылатын болады.

Эфир барысында кез келген желі қолданушысы спикерге Агенттіктің немесе оның облыстағы департаментінің қызметіне қатысты сұрақ қойып, өз пікірі мен ұсынысын қалдыра алады.

Тікелей байланыс департаменттің Facebook, Instagram, Youtube танымал әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жүргізілетін болады.

ШҚО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аймақ тұрғындарымен тиімді байланыс құру бойынша кең ауқымды жұмыстарын жалғастырады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив