СҚО: антикор мамандары мемлекеттік сатып алулардағы жемқорлық тәуекелдерін онлайн режимде анықтауда

СҚО: антикор мамандары мемлекеттік сатып алулардағы жемқорлық тәуекелдерін онлайн режимде анықтауда

Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының «Бірыңғай сатып алу терезесі» сервисі барлық ниет білдірушілер үшін сатып алу нарығының ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Ресурс бизнеске нарық көлемін көруге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің айтуынша, «Атамекен» ҰКП-мен стратегиялық серіктестіктің арқасында Департамент осы жүйеге толық қолжетімділікке ие болды.

«Біздің мамандар мемлекеттік сатып алу кезіндегі жемқорлық тәуекелдерін онлайн режимінде анықтайды. Ақпараттық жүйе арқылы біз негізсіз төмендетілген немесе жоғары бағаны, жеткізудің қысқа мерзімін және өзге де ауытқушылық деректерді көре аламыз», - деп түсіндірді Нұрлан Жахин.

Жоба іске қосылғаннан бері өңірде мемлекеттік сатып алу кезінде 7 млн.теңгеден астам бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алды алынған. Ал жоғары бағалардың көпшілігі шағын тауарларға (кеңсе тауарлары, қағаз, жанармай) келеді, дегенмен сатып алынатын тауарлардың көлемі үлкен болғандықтан, тиісінше үнемдеудің сомасы да ірі шығады.

«Мүмкін үнемдеу бойынша рейтингті жұмыспен қамтуды үйлестіру саласы, атап айтқанда Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бастап тұр, жалпы үнемділік құны 3 млн.теңгеден астам. Табиғатты реттеу саласына 2 млн. теңге үнемдеу келеді. Кейде мәліметтерді қате толтыруға да жол беріледі. Мысалы, Преснов орман шаруашылығы доңғалақты трактордың бағасы бойынша түсініктеме берді, оның орташа бағасы – 6 млн., жоспар тармағының бағасы - 673 млн. қате көрсетілген», - деді Нұрлан Жахин.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Департамент жоспарланған сатып алу бойынша тәуекел аймағына түскен тапсырыс берушілерге ұсынымдық сипаттағы хаттар жолдады. Нәтижесінде 32 тапсырыс беруші Мемлекеттік сатып алу жоспарына тиісті өзгерістер енгізді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив