Кәсіби оқытудың жаңа форматы

Кәсіби оқытудың жаңа форматы

 

Құқық қорғау және арнаулы органдарының (СЖҚА, ҰҚК, БП) тиімді ынтымақтастығының қорытындысы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің талдау саласы бойынша қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары болды. Оқыту курсы 3-7 ақпан аралығында өтеді.

3 ақпанда Құқық қорғау органдары академиясының базасында курстардың өткен ашылуына Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов, Құқық қорғау органдары академиясының проректоры М.Ешимов, ҰҚК Академиясы бастығының бірінші орынбасары М.Қуанышев, ҚазГЗУ кафедра меңгерушісі С.Пен қатысты.

Оқыту бағдарламасы үш модульден тұрады: талдау әдіснамасы, ақпараттық-талдау құралдары, ситуациялық кейстер.

Агенттік қызметкерлерін кәсіби оқытуға алғаш рет мониторингтің, талдаудың, тәуекелдерді бағалау мен болжаудың, басқарушылық шешімдер мен ұсынымдарды әзірлеудің Талдамалық құралдарын қолданудың елеулі тәжірибесі бар Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері жұмылдырылатын болады.

Сондай-ақ, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының көмегімен іс-шараға сондай-ақ Гичунг Ли мен Котетишвили халықаралық сарапшылары қатысады.

ADAL BILIM сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі БҒМ жобалық кеңсесінің қызметіне негізделген өз тәжірибесімен оның басшысы С.Пен бөлісті.

Прокуратура қызметкерлері мен «Атамекен»  ҰКП бизнес-талдаушылары сотқа дейінгі өндіріс, Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторды (i2, SPSS, аналитикалық модульдер мен ҚСжАЕК, EOZ базалары) сатып алу саласында ауытқушылық көрсеткіштерді анықтауда ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін таныстырады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың кейстері мен практикалық ерекшеліктерін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері осы саладағы көпжылдық жұмыс тәжірибесімен ашып көрсетеді.

Курс тыңдаушылары қосымша нейро-лингвистикалық бағдарламалау, тәуекелдерді бағалауда SWOT-талдауды пайдалану бойынша білім алады.

Оқу процесінде құқық қорғау блогының, ғылыми және бизнес қоғамдастықтың күштерін біріктіру Агенттік қызметкерлерін кәсіби оқытудың жаңа форматын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Біліктілікті арттыру курстарының жоғары тиімділігі нәтижесінде ведомстволық талдау желісі бойынша ұқсас бағдарламаны жүйелі негізде басқа да құқық қорғау органдары үшін жүргізу жоспарланып отыр.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив