Жамбыл облысы полиция департаментінің басшылығы төтенше жағдайға байлынысты блок-бекеттерде тұрған қызметкерлерге алғыс білдірді

Жамбыл облысы полиция департаментінің басшылығы төтенше жағдайға байлынысты блок-бекеттерде тұрған қызметкерлерге алғыс білдірді

Ұлыстың Ұлы күні Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы өңір тұрғындарын короновирус инфекциясынан қорғау мақсатында Сарысу, Жуалы, Қордай және Мойынқұм аудандарында қойылған блок-бекеттерінде қызметін өткеріп жатқан полиция және медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді.

22 Наурыз күні облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов Қордайдағы блок-бекетке арнайы келіп, ҚР ІІМ Министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың және жеке өз атынан қызметкерлерді айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

- Бүгінгі күні Наурыз мерекесі адамдардың ізгі ниетпен жақсылық жасауға, мұқтаж адамдарға көмектесуге, қамқорлық танытуға, қиын сәтте бірігуге дайын екендігін растады. Дәл осындай кездерде сіздердің тұрғындардың денсаулығын қорғап, алдыңғы қатарда тұрғандарыңыз, ауыр инфекцияның енуіне тосқауыл бола отырып, қызметтеріңізге адалдық танытуларыңыз -  короновирустық пандемияға қарсы тұруда өз үлесін қосуда деп есептеймін. Сіздердің бұл тапсырманы орындауда кәсібилік көрсетіп, жүктелген міндеттерге деген жоғары жауапкершілікпен қарауларыңыз маңызды рөл атқарады. Демек, біздің азаматтар бұл мерекені сіздердің арқаларыңызда белсенді көзқараспен, сенімділікпен және жақсы үмітпен атап өтеді деп сенемін. Қиын да игі істеріңіз үшін басымды иіп алғыс білдіремін - деді полиция генерал-майоры Ж.Сүлейменов. Сондай-ақ, ол қызметкерлерге сәттілік тілеп, жеміс-жидек пен шұбат, қымыз секілді пайдалы сусындары, азық-түліктері бар мерекелік сыйлықтар жиынтығын табыс етті.

Сонымен қатар, осы күні Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Темірбек Оразымбетов Жуалы ауданындағы блок-бекетіне барып, медицина және полиция қызметкерлерін дәстүрлі Наурыз мерекесімен құттықтап, лайықты қызмет етуді тіледі. Одан кейін әйел дәрігерлерге гүл шоқтарын ұсынып, бекеттегі барлық  қызметкерлерге сыйлықтар берді.

ПД бастығының орынбасарлары Сарысу және Мойынқұм аудандарындағы блок-бекеттердегі қызметкерлерді де назардан тыс қалдырмай, мерекелік құттықтау мен арнайы азық-түлік жиынтығын жеткізді.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысындағы төрт өткізу бекетінде 27 полиция қызметкері қызмет етуде.

Айта кету керек, 20-21 наурыз күндері аталған блок-бекеттерден 4346 көлікпен 15 381 адам, оның ішінде жеңіл көлікпен - 3266, жолаушылар көлігімен - 425, жүк көліктерімен - 705 адам өтті.

Белгіленген іс-қимыл алгоритміне сәйкес, полиция қызметкерлері көліктерді тоқтатып, дәрігерлер жүргізушілер мен жолаушыларды короновирустық инфекция белгілеріне медициналық тексеруден өткізуде.

Қазіргі уақытта блок-бекеттердегі жағдай бірқалыпты, екі бағыттан да кіруге және шығуға тыйым салынбаған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Гость Willieguids 31 июля 2020 10:57

    воздушные шары на день рождения

    ----

    Смотри что тут есть для тебя

    ----


    купить чемодан со скидкой в москве

    ----

    Нажмите на ссылочку, чтобы посмотреть сайт

    ----


    https://vozdushnye-shariki.ru/

    ----

    Шарики воздушные на праздник детям и любимым

    ----


    ареда склада

    ----

    Ну как круто то

    ----


    офис аренда белая площадь

    -----

    каталог сайтов посмотреть

    ----


    бц neo geo
    омега плаза бц

    ----

    Поговорим про двери

    ----


    металлические двери на заказ


    паспорт через госуслуги



    ооо мкк займ экспресс

    2353listtest

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив