Тараздық полицейлер Алғыс айту күні ардагерлерге құрмет көрсетті

Тараздық полицейлер Алғыс айту күні ардагерлерге құрмет көрсетті

1-наурыз жалпыхалықтық Алғыс айту күніне орай, Тараз қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері бірқатар қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.

Басқарма басшылығының және Ардагерлер кеңесінің бастамасымен полиция қызметкерлері ішкі істер органдарында ұзақ жылдар мінсіз қызмет етіп, құрметті еңбек демалысына шыққан ардагер әріптестеріне алғыс білдірді.  Ел тыныштығын күзетудегі қызметінде адалдық танытып, үздік нәтижелерімен кейінгі ұрпаққа өнегелі жол көрсете білген отставкадағы милиция капитаны  Раиса Хамитқызының  үйіне барып, Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының уақытша міндетін атқарушы полиция полковнигі Талғат Тәтенов Полиция департаменті басшылығы атынан «Алғыс хат» пен гүл шоқтарын табыстады. Сонымен қатар, алдағы «8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтап, сыйлықтарын ұсынды.

 Милиция капитаны Ахметова Раиса Хамитқызы Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығы мен жеке құрамының еңбектеріне табыс тілей отырып,  шексіз  аналық алғысын білдірді.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив