ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ЖАҢА БАСТАМАЛАРЫ ЕЛОРДАЛЫҚ «ANTIKOR ORTALYGY» АЛАҢЫНДА ӨТКЕН БРИФИНГ БАРЫСЫНДА АЙТЫЛДЫ

ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ЖАҢА БАСТАМАЛАРЫ ЕЛОРДАЛЫҚ «ANTIKOR ORTALYGY» АЛАҢЫНДА ӨТКЕН БРИФИНГ БАРЫСЫНДА АЙТЫЛДЫ

 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің "ANTIKOR ORTALYGY" сервистік орталығының алаңында «Астана-адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Мирас Шекеновтың, ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Еркебұлан Нұғмановтың және елордалық Департамент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік бастамашылық жасаған жобаларды іске асыру мәселелері бойынша «Ізгілік елшісі» жобасының үйлестірушісі Мадина Ажикенованың қатысуымен брифинг өтті.

 «Астана - адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Мирас Шекенов жоба жұмысының жалғасып жатқандығын және жұртшылық арасында кеңінен танымалдыққа ие екендігін атап өтті.

Жобаның негізгі мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және мемлекеттік мекемелерде қолайлы жағдай жасау.

Жұмыс барысында жобамен елордада тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін айтарлықтай төмендетуге ықпал ететін шаралар әзірленді және қазіргі уақытта табысты іске асырылуда.

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, сәулет, қала құрылысы және экология саласындағы қызмет көрсету сапасына талдау жұмыстары жүргізіліп, жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстар да әзірленді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету және халықпен кері байланысты күшейту шеңберінде елордамыздың барлық аудандық әкімдіктері қызмет көрсетудің сервистік тәсіліне көшті, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары бірінші қабаттарға көшірілді, тұрақты түрде апта сайын "Астана-адалдық алаңы" жобасының алаңында әлеуметтік желілер арқылы қаланың мемлекеттік органдарының бірінші басшыларымен тікелей эфир өткізіледі.

Күн сайын «ANTICOR ORTALYGY» базасында мемлекеттік органдардың басшылары азаматтардың жеке қабылдауларын жүргізеді, хабарландырулар алдын ала интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде жарияланады.

Бүгінгі күні 15 мекеменің бірінші басшылары 120-дан астам азаматтарды қабылдады. Алдағы уақытта аудан әкімдерінің азаматтарды жеке қабылдауы жоспарланған.

БАҚ-да айтылғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, Президент жариялаған «еріктілер жылы» аясында әр сенбі күні сағат 10-00-ден 13-00-ге дейін "ANTIKOR ORTALYGY" - да халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатында «Адал көмек» акциясы іске қосылды.

Акцияға кеңесшілер ретінде тәуелсіз заңгерлер, адвокаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда. Біздің жобалық кеңсеміздің заңгерлері мен менеджерлері азаматтарға өз еріктерімен кеңес беруде, – деп атап өтті спикер.

Мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығының жарқын мысалдарының бірі Ашық бюджеттердің интерактивті картасы болып табылады.

Бүгінде кез келген азамат аталған интернет-ресурстан бюджеттен елорда объектілерін дамытуға және қамтуға бөлінген қаражат туралы ақпаратпен танысуға, сондай-ақ өз шағымдарын немесе ұсынымдарын қалдыруға мүмкіндігі бар.

 Спикер өз сөзінде халықпен кері байланыс үлгісі ретінде интерактивті карта арқылы Кирпичный кентіндегі қарды сапасыз жинауға шағым келіп түскендігі туралы айтты.

Сонымен, жобалық кеңсенің менеджерлері, Арнайы мониторингтік топ мүшелері, аудандық әкімдіктің қызметкерлері және мердігерлік ұйымның өкілдері объектіге барып, қар тазалау кестесін жасады.

Қазіргі уақытта қала әкімдігімен су тасқыны жұмыстарына конкурс өткізілді. «Астана - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі арнайы мониторингтік топпен бірлесіп, аталған жұмыстарға бөлінген қаражатты игеру мониторингімен айналысатын топ құрды.

Анықтама: 2019 жылы ақпараттық жүйеге енгізілген әлеуметтік объектілердің саны 308–ді құрады; қамтуға бөлінген сома – 405 млрд.теңгеден астам.

Қазіргі уақытта жобамен білім беру және денсаулық сақтау салаларында мемлекеттік сатып алу мониторингі жүргізілуде. Бұл бағытта интерактивті карта мен мемлекеттік сатып алу порталының әлеуеті пайдаланылатын болады. Жүргізілген мониторингтің барлық нәтижелері жұртшылыққа ұсынылатын болады.  Бүгінгі күні жобаның мекенжайына жүргізілген сатып алулар туралы ақпарат келіп түсуде, олардың негізі күмән тудырады, оларға мектепке дейінгі ұйымдарда медиаторлық қызмет көрсету, оқушыларға жарық шағылыстыратын брелок сатып алу, оқу орындарының аумағын қардан тазалау үшін бөлінген қаражатты игеру жатады.

Департамент жанындағы ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі, «Әдеп» жобасының жетекшісі Еркебұлан Нұғманов «адалдық алаңы» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылған ақпараттық-ағартушылық штаб жұмысы туралы айтып берді.

Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабтың жетекшісі -                   «Құрмет» орденінің кавалері, «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты, белгілі этнодизайнер, Агенттік Төрағасының кеңесшісі Ырза Тұрсынзада тағайындалды.

Елордалық Департамент жанындағы ақпараттық-ағартушылық штабтың жетекшісі жазушы, белгілі қоғам қайраткері – Садыбек Түгел.

Ақпараттық-ағартушылық штаб Халықпен сындарлы диалог құру және кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық жұмысты жүргізу арқылы парасаттылық қағидаттарын насихаттау мақсатында құрылған. 

2 ай ішінде департамент жанындағы штаб мүшелерімен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еңбек ұжымдары, Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындарының, колледждерінің, мектептерінің оқушылары арасында 8 мыңнан астам адамды қамти отырып, 50 – ге жуық кездесу өткізді - деді Еркебұлан Нұғманов.

Астаналық Департамент жанындағы «Ізгілік елшісі» жобасының үйлестірушісі Мадина Ажикенова мұқтаж азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған жоба аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Қайырымдылық елшісі - бұл «Ізгілік елшісі» қозғалысының студенттері қатарынан құралған еріктілер тобын қамтитын жоба.

Жобаның мақсаты қоғамда парасаттылық пен адалдық, қайырымды істер жасау, ерлік қағидаттарын, сондай-ақ адамдарға көмек көрсету сияқты қарапайым өмірлік маңызды іс-әрекеттерді насихаттау болып табылады.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында 45 іс-шара өткізілді, 5600 волонтер жұмыс істейді. Олардың қатарында көптеген студенттер бар. Жобаға 11 ЖОО мен 35 колледж қатысады. Бүгінгі таңда студенттер аумақты қардан тазалау бойынша 12 отбасына және 22 отбасыға азық-түлік және киім-кешек жеткізіп көмек көрсетті.

Осы жұмыс аясында жастардың бойында парасаттылық, адалдық пен әділдік сынды қасиеттер қалыптасуда – деп атап өтті Мадина Ажикенова.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар адалдық пен парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуге түрткі болады деп үміттеміз.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив