ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев мемлекеттік органдардың қызметінде әлеуметтік желілерді ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы қашықтықты қысқартуға бірнеше рет назар аударды.

31 шілдеде елордалық Достық үйінде "Әлеуметтік желілердегі әлеуметтік жобаларды ілгерілету"тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жұмыс кездесуі Қазақстан халқы Ассамблеясының "Қырғызстан – Астана" қоғамдық бірлестігімен "Астана - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің және елорданың қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге елорданың мемлекеттік органдарының транспаренттілігіне мүдделі мемлекеттік және құқыққорғау органдарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен мүшелері қатысты.

Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің "Қоғамдык Келісім" КММ директоры Н. Б. Айдашев және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қ. бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары А.Е. Мядыева құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды әлеуметтік желілердегі белсенділікке және халықпен тұрақты байланыс орнатуға шақырды.

Іс – шара модераторы Шавкат Абдуллаұлы Исмаиловтың айтуынша "бүгінгі таңда әлеуметтік желілер-бұл бүкіл әлем бойынша коммуникация құралы ғана емес, сонымен қатар мақсатты аудиторияның кең ауқымын қамтуға мүмкіндік беретін құрал".

"Адалдық алаңы" республикалық жобасының жетекшісі Мирас Қарғабай ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елордада өткен жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқан әлеуметтік жобалардың жұмысы туралы, атап айтқанда, Денсаулық сақтау, білім беру, құрылыс, инвестиция, көлік мәселелері бойынша халыққа қолдау көрсету мақсатында іске асырылатын "Адалдық алаңы", "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы", "Protecting business and investments", "Сапалы жол" туралы айтып берді.

Аталған іс-шараға әлеуметтік желілер арқылы АҚШ, Вашингтондағы "Sputnik" радиосының тілшісі» - Р. Сафронов, factchekin.kg сайтының бас редакторы– Б. Теміров және т. б.  қосылды.

Іс-шара «Астана -адалдық алаңы» жобасының Facebook, Instagram және Youtube сайттарындағы парақшалары арқылы таратылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив