Transparency Kazakhstan сауалнамасының 2019 жылға арналған аралық қорытындылары туралы

Transparency Kazakhstan сауалнамасының 2019 жылға арналған аралық қорытындылары туралы

23 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алаңында Агенттік Төрағасының Бірінші орынбасары Олжас Бектенов Transparency Kazakhstan сауалнамасының 2019 жылға арналған аралық қорытындылары туралы айтып өтті.

Бүгін Transparency International халықаралық үкіметтік емес ұйымы 2019 жылғы «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» атты жыл сайынғы басты зерттеулерінің нәтижелерін жариялады.

Қазақстан мүмкін 100 баллдың 34 баллын алып, 180 елдің арасынан 113 орынды иеленді. Осылайша, былтырғы жылмен салыстырғанда индексті 3 баллға және 11 орынға жақсартты.

Бұл Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне (СЖҚИ) қатысқан уақыт аралығындағы ең жоғарғы көрсеткіші.

Transparency International-дің қазіргі бағалау әдістемесі 2012 жылы бекітілген. Сол сәттен бастап 2019 жылға дейін, 7 жыл ішінде Қазақстан өзінің орнын 28-ден 31-ге дейін тек 3 баллға ғана жақсартқан болатын.

Ал қазір Қазақстан жеті жылдық ілгерілеуді бір жылдың ішінде орындады.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы №636 Жарлығымен бекітілген) СЖҚИ-нің 35 баллға дейінгі өсімі ықтимал нәтиже ретінде белгіленгенін атап өткен жөн.

Осылайша, осы ұмтылыс арқылы алдағы 5 жылға жоспарланған көрсеткішке қол жеткіздік.

Қазақстан бойынша индексті есептеу барысында Батыс Еуропа мен АҚШ-та орналасқан: Бертельсман қоры, Freedom House, Economist Intelligence Unit, PRS Group, World Justice Project, IHS Markit, IMD, Дүниежүзілік экономикалық форум, V-Dem секілді 9 танымал халықаралық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде агрегатталған көрсеткіштер қолданылады.

Әр ұйым рейтингті қалыптастырудың өзіндік әдістемесін қолданады: онлайн сауалнама жүргізу, сарапшы бағалауы, респонденттердің шектелген ортасынан сұхбат, статистикалық мәліметтерді талдау, мемлекеттің экономиканы және қаржыны т.б. басқаруға қатысу деңгейін бағалау.

Аталған ұйымдардың басым бөлігі Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша күш-жігерін оң бағалады.

Мәселен, АҚШ-та орналасқан PRS Group беделді зерттеу орталығының бағалауы бойынша соңғы 2 жылда Қазақстанның көрсеткіштері мүмкін 6 баллдың ішінде 1,5 баллдан 3,5 баллға яғни 2 есеге жақсарған. Бұл рейтингте біз Оңтүстік Кореямен, Израильмен, Испаниямен, Словения және Словакиямен бір қатардамыз.

Лозаннада, Швейцарияда орналасқан IMD институтының «Парақорлық және жемқорлық» көрсеткіштері бойынша бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан 2018 жылмен салыстырғанда 10 орынға көтеріліп, рекордтық 29-шы орынды иемденді. Аталған рейтингте біз Оңтүстік Кореядан (30), Израильден (32), Испаниядан (40), Чехиядан (41) жоғары тұрмыз.

IHS Markit компаниясының рейтингінде айтарлықтай ілгеріледік. Қазақстан «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» индикаторы бойынша мүмкін 10 баллдың (10-ең жоғарғы тәуекел) 3,1 баллын жинап, Беларусьті қоспағанда ТМД-ның барлық елдерінен озып шықты.

 Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне қайта оралып, бұл индексте еш мемлекет ешқашан 100 балл алмағанын атап өткім келеді. Биыл Дания және Жаңа Зеландия (87) бөлісті, үшінші орынды Финляндия (86), төртінші орынды Сингапур, Швеция және Швейцария (85) алды. Рейтингтің аутсайдері - Сомали (9), Оңтүстік Судан (12) және Сирия (13).

Посткеңестік елдердің басым көпшілігі Қазақстаннан едәуір төмен орналасқан.

Мәселен, Молдова 32 баллмен 120 орын; Украина, Әзірбайжан және Қырғызстан 30 баллмен 126 орын; Ресей 28 баллмен 137 орын, Тәжікстан мен Өзбекстан 25 баллмен 153 орын, Түркменстан – 19 баллмен 165 орын алды.

Осылайша, Қазақстан Орталық Азия елдерін арасындағы көшбасшылығын біршама нығайтты.

Transparency International-мен қатар сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі мен мемлекет жүргізіп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін басқа да халықаралық ұйымдар бағалайтынын ескерген жөн.

Мәселен, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Дүниежүзілік банктің сыбайлас жемқорлықты бақылау индексінде әлемнің барлық елдері арасында ең жоғары ілгерілеу жасады.

2019 жылы Қазақстанның көрсеткіштері алдыңғы жылмен салыстырған екі есеге жақсарып 36% құрады. 2018 жылы біздің көрсеткіш 19% құраған болатын.

Халықаралық рейтинг агенттіктерінің сарапшылары Қазақстан көрсеткіштерінің артуы ең алдымен сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралармен, бірінші кезекте алдын алу және бизнес жүргізу жағдайын жақсарту шараларымен байланысты екенін атап өтуде. Олардың пікірінше, Қазақстанда посткеңестік кеңістіктегі басқа елдермен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық бірқалыпты сипатқа ие, ал соңғы жылдары оның деңгейі төмендеуде.

 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив