ТАРАЗДА «АNTIKOR ORTALYGY» АШЫЛДЫ

ТАРАЗДА «АNTIKOR ORTALYGY» АШЫЛДЫ

 

«Аntikor ortalygy» – ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатқан нысанның бірі.

«Бұл орталық халықтың ашық алаңына айналып қана қоймай, еліміздің бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу бағытында үлкен үлесін қосады деген сенімдеміз», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Н.Шабдар.

Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар, облыстық құқық қорғау, мемлекеттік органдарының бірінші басшылары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызмет ардагерлері, арнайы мониторингтік топ мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Айта кету керек, бұл Қазақстан бойынша ашылған орталықтардың он екіншісі. Орталықта Департаменттің Превенция басқармасының маманы және процессуалдық офицер ашық форматта күнделікті жұмыс атқарады. Сонымен қатар мұнда «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, арнайы мониторинг топ және үгіт-насихат штабы мүшелеріне жұмыс орны қарастырылған.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас жасау мақсатында ғимаратта Департаменттің баспасөз орталығы орналастырылған.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив