ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының сапары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық департаменттің «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығының ашылуымен ерекшеленді.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Ермек Маржықпаев, сондай-ақ облыстық соттың, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың басшылары, құқық қорғау органдарының ардагерлері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Агенттік мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Біздің қызметіміз бен бастамаларымыз әділдік, парасаттылық және сенім призмасы арқылы іске асырылады», - деп Алик Шпекбаев Департаменттің жаңа сервис орталығының ашылуында атап өтті.

Іс-шара барысында сервистік орталық ғимараты таныстырылды, ал оның бірінші қабатында келушілерді қабылдайтын арнайы кабинеттер орналасқан. Азаматтарды жайлы күту үшін балаларға арналған ойнау алаңы, бейнероликтер көрсетілетін LED-тв экрандары орналастырылған. Ғимараттың екінші қабатында «Open space» форматындағы кабинеттер мен департаменттің баспасөз орталығы орналасқан.

Сонымен қатар, Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туралы имидждік бейнероликтер көрсетіліп, Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге қоғамның жұмылдырылуын арттыруға көмектесетін «Halyq baqylaýshysy» мобильді қосымшасының жобасын ұсынды.

«Мобильді қосымшаның осы жобасы шетелдік тәжірибені ескере отырып, Агенттіктің ашықтығы мен қолжетімділігі үшін әзірленді. Қазіргі заманғы адам мобильді құрылғыны көбірек пайдаланатынын ескере отырып, қосымша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл құралдарын жедел және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді», - деп Департамент қызметкері Медет Тұрыбаев атап өтті.

Айта кету керек, сервистік орталық азаматтарға жедел және жайлы жағдайларда кеңес алуға, ал мемлекеттік қызметшілерге мықты ұйымдастырушылық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Open space» және «Front office» форматындағы жұмыстың тиімді үйлесімі болып табылады.

Іс-шара сервис орталығы ғимаратының аумағында қолайлы экологиялық жағдайлар жасау призмасы арқылы адамгершілік қасиеттерді сіңіру үшін шырша көшеттерін отырғызумен аяқталды.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив