Нұр-Сұлтанда АҚИҰ штаб-пәтері ашылды

Нұр-Сұлтанда АҚИҰ штаб-пәтері ашылды

 

        2019 жылғы 11 желтоқсанда «Астана» халықаралық қаржы орталығының ғимаратында Нұр-Сұлтан қаласында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) штаб-пәтерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

        Салтанатты рәсімге ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Нұрбек Дайырбеков, АҚИҰ Бас директоры Ерлан Байдәулет, сондай-ақ Бангладеш, Буркина-Фасо, Гамбия, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы Ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшы қызметкерлері және Қазақстанда аккредиттелген ИЫҰ мүше елдердің елшілері қатысты.

        Ш.Нұрышев өз сөзінде Қазақстан АҚИҰ қызметіне және осы Ұйымның мүшелік құрамын кеңейту бойынша жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

        Іс-шара аясында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы мен АҚИҰ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

        Осы күні АҚИҰ штаб-пәтерінде АҚИҰ Атқарушы кеңесінің кезекті 4-ші отырысы ашылды, онда кездесуге қатысушылар ұйымның ИЫҰ-ға мүше елдердің Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы практикалық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған ағымдағы қызметі талқыланады.

        Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында АҚИҰ құру туралы бастама Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа тиесілі. Қазіргі уақытта Ұйымның құрамына Ислам әлемінің 34 мемлекеті кіреді және оның қызметі Ауыл шаруашылығы мен Азық-түлік әлеуетін дамыту саласында мұсылман әлемінің күш-жігерін жұмылдыруға бағытталған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив