Елордада шетелдік туристер жиі баратын орындарда туристік полиция бекеттері жұмыс істейді.

Елордада шетелдік туристер жиі баратын орындарда туристік полиция бекеттері жұмыс істейді.

Туристік полицияның заманауи үлгідегі стационарлық бекеттері шетелдік туристер жиі баратын орындарда орнатылған. Аталған бөлініс өз қызметін сәуір айынан бастап жүзеге асырады және шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының астанасында болуы кезеңінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

Мысалы, туристік полиция модульдерінің біреуі тек қана қала тұрғындарының ғана емес, сонымен қатар шетелдік қонақтардың да баратын көрікті жерлерінің біріне айналған  «Бәйтерек» монументінде қызмет етеді.

Туристік полиция қызметкерлері шет тілін меңгерген және шетелдік қонақтарға көмек көрсетуге дайын. Оларға тек қана  шетелдік қонақтар ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары және өзге өңірлерден келген қонақтар да жүгіне алады.

Аталған бөліністің полиция қызметкерлері туристерге көмек көрсетуден басқа құқық бұзушылықтың алдын алады, ақпараттық қызмет көрсетеді, туристік нысандарда мәселелердің шешілуіне көмек көрсетеді.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының  бастығы Госман Жакиннің айтуынша туристік полиция модульдерінің саны болашақта артатын болады. Бұл жерде шетелдік қонақтардың ұнатып баратын ең сүйікті жерлеріне басымдық беріледі. Заманауи модульдер жақын арада «Ғашықтар саябағы» (Тұран даңғылы бойында) және ЭКСПО аумағында орнатылады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен туристік полиция модулі және жеке құрам барлық материалдық-техникалық құрылғылармен жабдықталған.

Қазіргі кезде Тәуелсіздік көшесінде  (Бейбітшілік және келісім сарайы) және «Бәйтерек» монументінде туристік полицияның бекеттері тәулік бойы қызмет етеді.

 

Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив