ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КЕЛЕТІН ТУРИСТЕР САНЫ 5 МИЛЛИОНҒА ЖЕТЕДІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КЕЛЕТІН ТУРИСТЕР САНЫ 5 МИЛЛИОНҒА ЖЕТЕДІ

Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында өткізген көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді.    

«Елбасы Түркістанды рухани әрі туристік орталық ретінде дамыту міндетін жүктеді. Күні кеше ғана Түркістан қаласына миллионыншы саяхатшы келді. Олар — АҚШ азаматтары. Туристер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 57,2 пайызға артты. Біз өңірдің туристік потенциялын тиімді пайдалануымыз қажет. Түркістан облысында туризмді кешенді дамыту мақсатында 2018-2025 жылдарға арналған туристік индустрияны дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Осы жұмыстар нәтижесінде 2025 жылға қарай Түркістанға келетін саяхатшылар санын 5 миллионға жеткізуді көздеп отырмыз», - деді Ж.Түймебаев.

Түркістан облысында туризм саласын дамыту  мақсатында 3 қонақ үй, 1 хостел, 2 шипажай  және 1 туристік ұйым ашылса, жыл соңына дейін 14 туристік нысан (қонақ үйлер, демалыс аймақтары, шипажайлар және т.б.) іске қосылуы жоспарлануда. Өңірде «Қасқасу» тау-шаңғы кешені жобасы,  Сарыағаш курорт аумағын кеңейту,  Шардара су қоймасы аумағында жағажай туризмін дамыту,  Түркістан қаласын туристік орталық ретінде дамыту жобалары қолға алынуда.

Еске сала кетейік, 30 қазан күні Түркістан қаласында 1 миллионыншы турист анықталды. Облыс әкімі АҚШтан келген қонақтарға кәдесый табыстады.

 

Орталық коммуникациялар қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив