Тараздағы көңіл көтеру орынында оннан астам құқық бұзушылық анықталды

Тараздағы көңіл көтеру орынында оннан астам құқық бұзушылық анықталды

Таразда құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар барысында он  көңіл көтеру орынына қатысты тексеру жүргізілді.

Рейдтер Жамбыл облысының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен және Тараз қаласының Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметімен бірлескен түрде  өтті.

Тексеру барысында ҚР ӘҚБтК 441-бабына сәйкес (Қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзу), әкімшілік құқық бұзушылықтың 12  дерегі анықталды.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 6 «Қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 159-бабының 5-тармағына сәйкес, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынғаны туралы ақпараттық парақшалар таратылды.

Тараз қаласындағы кафе-барлардың әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 422-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау) және 423-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау) бойынша әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді.

 

Жамбыл облысы Полиция департаменті

Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив