Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін арттырудың жаңа тәсілдері

Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін арттырудың жаңа тәсілдері

 

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2018 жыл ішінде Департаменттің атқарған қызметі бойынша қорытынды брифинг өткізді. Брифинг Ақмола облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қайыржан Сұлтанғазиевтың қатысуымен өтті.

Өз сөзіндеҚайыржан Сұлтанғазиев әдептілік талаптарын бұзудың алдын алуға бағытталған маңызды құралдардың бірі Әдеп жөніндегі кеңестің қызметіне тоқталды.Қазіргі уақытта Әдеп кеңесінің жұмысы тәртіптік істерді қараудан гөрі мемлекеттік қызмет пен жемқорлық салаларындағы жүйелік мәселелердің алдын алуды және оларды шешуді көздейді.Қазіргі кезде қаралып жатқан мәселелердің 70% құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

«Өткен жылы Кеңестің13 отырысы өтіп, онда 97 мәселе қаралды, оның ішінде: 14 – олмемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын бұзудың алдын алу бойынша жұмыс қорытындылары, 6 – жемқорлық тәуекелдерін талдау, 11 – әдеп жөніндегі уәкілдердің атқарған қызметінің қорытындылары, 8 тәртіптік комиссиялардың атқарған қызметінің қорытындылары, 29 өзге мәселелер және 29 тәртіптік істер» - депҚайыржан Сұлтанғазиев өз сөзінде хабарлады.

Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі шешімдерді ылғи қабылдамайды. Бұл кеңестің әділдігін және бірбеткейлігін көрсетеді. 2018 жыл ішінде 3 тәртіптік іс тоқтатылып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалды.Сонымен қатар,әдептілік құқық бұзушылықтардың төмендегені байқалады:өткен жылы Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысымен15 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды. Ал 2017 жылы олардың саны 17-ні құраған.

Мемлекеттік қызметшілердің санасына жүйелік түрде атқарылатын ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жағымды ықпал етеді.

«Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы мен мүшелері түрлі форматтағы іс-шараларға қатысады.Мысалға, мемлекеттік қызметшілермен, халықпен және студенттермен көптеген «бейресми галстуксыз» кездесулер өткізіледі.Бұл жерде ресмилік жоқ: әрбір қатысушыӘдеп кеңесі мүшелерімен бір тілде сөйлей алады. Әңгімелесу тәуелсіз тақырыптарда өткізіледі. Сонымен қатар мемқызметшілер арасында Pocketbook (анықтамасы) танымалдыққа ие. Ол өткен жылдың желтоқсанында кеңейтіліп, түрлі жағдаяттармен толықтырылды» - дейдіҚайыржан Сұлтанғазиев.

Әдептілік құқық бұзушылықтардың алдын алудың тағы бір құралы ашықтық пен қабылданатын шешімдердің айқындылығы болып табылады. Құқық бұзушылықтар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланады.

Әдеп кеңесінің мүшелері сыртқы отырыстар мен азаматтарды қабылдау шараларын ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметтен өту, біліктілікті арттыру, қайта даярлау, құзыреттілікті арттыру мәселелеріне маңызды назар аударылуда.

«Әдеп кеңесінің мүшесі Әлібек Баймағамбетов мемлекеттік қызметшілерді біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарына уақытылы жіберуге талдау жасап, оның қорытындысы бойынша ҚР Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облыстық филиалында бірқатар мемлекеттік қызметшілердің біліктілікті арттыру курстарына уақытылы жіберілмегендігі анықталды» - деп спикер хабарлады.

Өткізілген талдаудың қорытындылары Әдеп кеңесінің отырысында қаралып, онда мемқызметшілерді оқытудың жоспарлары мен кестелері түзетіліп, ол Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілерін оқыту жоспарының100% орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

            Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының базасында мемлекеттік қызметшілерінің жауапкершілігін арттыру жөнінде жаңа интерактивтік әдіс қолдануда.

            Бұл әдіс «mock-trials» (сот процестерін сахналау) іспеттес Әдеп жөніндегі кеңестің сахналанған отырыстарын ұсынады. Бұндай отырыстар шетелдік елдерде кең тараған тәжірибе.

            Біздің жағдайымызда, қызметке алғаш рет түскен мемлекеттік қызметшілер және жұмыс өтілі көп қызметшілер тәртіптік істі қарау бойынша Әдеп жөніндегі кеңес отырысының сценарийін алдын ала зерттеп, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің, хатшылықтың және теріс қылық жасаған тұлғалардың рөлдерін бөліп, бұл процесті келтіріп көреді. Сонда, қатысушыларға сценарий қорытынды шешімсіз беріледі, бұл мемлекеттік қызметшілерге ойдан шығарылып алынған әрекет жасап, «кінәлі» тұлғаларға қатысты объективті шешім шығаруға мүмкіндік береді.

Бұләдісмемлекеттікқызметшілергеқатысушылардыңрөлін «сезініп», өзпозицияларынқалыптастыруға, шешендікшеберлігінарттыруғажолбереді. Шарағақатысушылароқудыңаталмыштәжірибесінқолдады.

Соныменқатарстуденттер мен мемқызметшілерарасындадебаттық турнир өткізіліп,оныңжеңімпаздарыәріқарайреспубликалықдәрежедегібайқауғақатысты. Бұліс-шара барысындастуденттер мен мемқызметшілерөзкөзқарастарынбілдірді. Қозғалғантақырыптарөтеөзектіболды, мысалғатұрмыстықжемқорлықпенкүресу, әдептіліккеқойылатынталаптардыұстану. Студенттер мен мемқызметшілердіңбірбірінежылдамүйреніп, бірқалыптыжұмысістегендеріқуантады.

            Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс.Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріледі» - деп ескерткен.

Осыған орай мемлекеттік қызметшілер өздеріне артылған міндеттерді сапалы, уақытылы және кәсіби дәрежеде атқаруы тиіс.

 

ЖазираТоқтар,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив