Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауға басты назар аударылуда

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауға басты назар аударылуда

 

Бүгін Ақмола облысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің коллегиялық отырысы өтіп, онда өткен жылдың қорытындылары мен 2019 жылға арналған жоспарлар талқыланды. Отырысқа департаменттер мен басқармалардың басшылары, аудандық әкім аппараттарының басшылары, әдеп жөніндегі уәкілдер, арнайы мониторингтік топ мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Департамент басшысының орынбасары Дархан Хайруллин тәртіптік және әдептік бақылау бойынша жұмыс қорытындылары жөнінде айтып, мемлекеттік тәртіпті нығайтуға, Әдеп жөніндегі кеңес пен Әдеп жөніндегі уәкіл институттарының енгізілуі мен жұмыс істеуіне маңызды назар аударылды.

«Кеңестің қызметі тәртіптік істерді қараудан мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысында туындайтын жүйелік мәселелерді шешуге және жемқорлықтың алдын алуға бағыт алады. Бүгінгі дәрежеде қаралатын мәселелердің 70% құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған» - дейді Дархан Хайруллин.

Спикердің айтуынша, өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңестің 13 отырысы өтіп, онда 97 мәселе қаралды, оның ішінде: 14 – мемлекеттік қызмет пен жемқорлықпен күрес туралы заңнаманы бұзудың алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың жұмыс қорытындылары, 6 – жемқорлық тәуекелдерін талдау, 11 – Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызмет қорытындылары, 8 тәртіптік комиссиялардың қызмет қорытындылары, 29 өзге мәселелер және 29 тәртіптік істер.

Өзекті мәселелердің бірі - мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерді атқару барысында сыйлық алуына салынған тыйымды ұстануы. Мемлекеттік қызметшілердің көп бөлігі лауазымдық міндеттерді адал атқарып, сыйлықтарды уәкілетті органға тапсыру бойынша шаралар қабылдауда.

Департаментом тұрақты негізде әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін олардың есептерін Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында тыңдау арқылы үйлестіру бойынша жұмыс атқарылуда.

«Өткен жылдың күз мезгілінде Ақмола облысының әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі ең үздік әдеп уәкілі, ал облыс әкімдігі ең ашық меморган деп мойындалды» - дейді Дархан Хайруллин.

Департамент жұмысындағы маңызды фактор өтініштерді қарау болып табылады, ондағы басты міндет азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметшілердің клиенттерге бағдарлануын дамыту болып табылады.

«Өткен жылы Департаментке мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бойынша азаматтардан 277 өтініш түсті. Тексеріс нәтижелері бойынша 24 азаматтардың құқықтары қорғалды» - дейді спикер.

Сонымен қатар, Департаментпен мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жұмыс атқарылуда.

«Өткен жылы 200-ден астам мемлекеттік органдарда алдын алу шаралары өткізіліп, олардың қорытындыларына сәйкес икемді жұмыс тәртібін, компьютерлерді автоматты сөндіру жүйесін енгізудің жағымды тәжірибесін көріп отырмыз» - дейді спикер.

Өз сөзін қорытындылай келе Даррхан Хайруллин мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бойынша жұмыстың жалғастырылатынын айтып өтті.

 

Жазира Тоқтар,

Ақмола облысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив