Смарт-технологиялар астаналықтардың өмірін өзгертуде

Смарт-технологиялар астаналықтардың өмірін өзгертуде

2019 жылы елордада білім беру, көлік, салық берешегін тексеру салаларына цифрлы технологиялар белсенді енгізіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. «Астана Innovations» АҚ хабарлағандай, қазіргі уақытта елордада төлем сервистерін кеңейтуге үлкен мән берілуде. Осы жылы Smart Astana мобильді қосымшасы түрлі әлеуметтік салада қала тұрғындарын керек ақпаратпен қамтамасыз ететін болады. 22 ақпаннан бастап қосымшада салық берешегін тексеру мүмкіндігі пайда болады. Ал, бірінші сәуірге дейін мынадай қызметтер қол жетімді болады: салық төлеу, айыппұлдар төлеу, үйірмелер мен секциялар ақшасын төлеу. 15 наурызға дейін ХҚКО-да алдын ала кезек алу мүмкіндігі пайда болады. Цифрлы технологиялар астаналық білім беру саласында да белсенді енгізілуде. Мәселен, 18 ақпанда – қосымша білім беру орталықтарындағы секциялар мен үйірмелер кестесі көрсетілген және оларға жазылу мүмкіндігі бар қосымша функциясы пайда болады. Осылайша тұрғындар жұмыс істеп тұрған және ашылып жатқан қосымша білім беру орталықтары туралы ақпаратты біліп отырады. 15 наурызда барлық мемлекеттік колледждердің жатақханасы сандық жүйеге қосылады, сүйтіп жатын орын сұрауға өтінішті онлайн бере алады.  1-ші сәуірде Smart Astana қосымшасында балабақшаға кезекке қою; мектепке баруға жазылу сервисі іске қосылады. Дәрігерлер рейтингісіне ұқсас мекемені бағалау және шағымдар мен ұсыныстарды қабылдау сервисі іске қосылады. Әр мектептің кіреберісінде QR-кодтары бар ақпараттық тақтайшалар және нұсқаулықтар орнатылады. Астанада «ақылды» технологиялар қоғамдық көлік саласына да енгізілуде. Smart Astana мобильді қосымшасында қазірдің өзінде «Автобус аялдамасының таблосы» сервисі қол жетімді, ол автобустың қанша уақытта келетінің көрсетеді. Сервис қызметі  QR-кодты сканерлеумен жүзеге асады, осындай QR-кодты барлық аялдамаларға қою ойластырылған, ол барлық аялдамаларды виртуальды табломен қамтуға мүмкіндік береді. Наурыз айында такси шақыру (Astana Taxi) сервисі іске қосылады және жол құны көрсетіліп тұратын болады.

 

Астана қаласы Әкімінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив