Электронды сауданының халық және бизнес үшін артықшылықтары

Электронды сауданының халық және бизнес үшін артықшылықтары

Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды, электронды сауда талапты орындағандарға ғана салық азайтылады.  Елімізде электронды сауда-саттық енді ғана қарқын алып келе жатыр. Соңғы он жылда әлемдік технологиялар қоғамға ендеп кіре бастады. Ғаламтор арқылы тауарларды сатып алатындардың қатары көбейді. Енді сіздің сұранысыңызды жүзеге асырып отырғандарға біршама жеңілдіктер қарастырылып отыр. Атап айтқанда, заңды тұлғалар – корпоративтік табыс салығын, ал жеке кәсіпкерлер жеке табыс салығын төлеуден босатылады. Оған қалай қол жеткізуге болады?  Ол үшін:

  • Тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелер электрондық нысанда рәсімделуі тиіс;
  • Тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес, төлем түрінде жүргізіледі;
  • Тауарларды сатып алушыға жеткізетін қызметі болуы керек. Мысалы, арнайы қызметкерлері болса, немесе жүктерді тасымалдайтын курьерлік, пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарт жасасуы қажет.
  • Уақтылы салық органына тіркеліп, тіркеу нөмірін алады. Содан кейін салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беруі қажет.

Электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізу мерзімін салық органы бекітеді. Осы талаптар сақталғанда ғана салық төлемі 100%-ға төмендетіледі. Яғни, қызметін интернет арқылы жүргізетін кәсіпкерлер салық түрлерін төлеуден толығымен босатылады.

Сонымен қатар, жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызы электронды саудадан түсу керектігіне де мән берген жөн. Осы шарт орындалмаған жағдайда салық төлеушінің атап өткен жеңілдіктерді қолдануға құқы жоқ. Демек, талаптардың біреуі жүзеге аспаса, салық мөлшері азайтылмайды. Мысалы, бір жылда 1 млн табыс тапсаңыз, 900 мың теңгесі таза электронды саудадан түссе ғана корпоративті табыс салығы мен жеке табыс салығын төлемейсіз.

 

Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік 

кірістер басқармасының салық төлеушілерді

тіркеу, ақпараттарды қабылдау және өңдеу

орталығының бөлім басшысы                                           

 Д.М. Шаденов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив