Елордалық полицейлер қоғамдық көлікте ұрлық жасады деген күдік бойынша ер адамды ұстады

Елордалық полицейлер қоғамдық көлікте ұрлық жасады деген күдік бойынша ер адамды ұстады

29 қаңтарда полицияға №20 бағдарлық автобустың салонында ұрлық жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Белгісіз біреу 18 жасар студент қыздың тонының қалтасынан ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Полиция қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 35 жастағы ер адамды ұстады. Ол Астана қаласы Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.  Заттай дәлелдеме, яғни ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталушының қала аумағында бұрын жасалған осы секілді ұрлықтарға қатыстылығы тексерілуде. 

Аталған тұлғаның құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға Бейбітшілік,19 мекенжайы бойынша Астана қаласы Полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-61-71; 71-62-47; 87021111441 телефондарына немесе «102»-ге  хабарласуды сұраймыз.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қоғамдық көліктің жолаушыларына мұқият болуды, бағалы заттарын және ақшаларын қолжетімді жерлерде сақтамауды ұсынады. Әсіресе «час пик» кездерінде аса мұқият болу қажет, себебі қалалық көлікке адамдар лық толғанда қалта ұрлықтарының жасалу қаупі жоғарылайды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив