Астанадағы арзан коммуналдық қызметтер қаншалықты арзан екендігі белгілі болды

Астанадағы арзан коммуналдық қызметтер қаншалықты арзан екендігі белгілі болды

Дүйсенбі күні қалалық әкімдікте коммуналдық қызмет тарифтерін төмендетуге арналған брифинг өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Астаналықтар ақпан айының басында коммуналдық қызметтердің түбіртегін алып, таң қалатын болады. Айта кетейік, электр, жылу, сумен жабдықтау, сондай-ақ кәріз қызметтері мен қоқыс шығару тарифтерінің төмендегені байқалады. Коммуналдық шаруашылық ЖЭК қалалық басқармасының отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов хабарлағандай, 1 қаңтардан бастап Астанада электрмен қамтамасыз ету тарифі (ҚҚС-сыз) халық үшін 9,3%-ға (11,4 теңгеден 10,33 теңгеге дейін кВт/сағ), заңды тұлғалар үшін 9,18%-ға (16,01 теңгеден 14,54 теңгеге дейін кВт/сағ) төмендеді. Жылумен қамтамасыз ету тарифі (ҚҚС - сыз) жеке тұлғалар үшін 9,98%-ға төмендеді. 2 304,82 теңгеден Гкал-ға 2 074,81 теңгеге дейін; заңды тұлғалар үшін тариф өзгеріссіз қалды. Тұрғындар үшін сумен қамтамасыз ету тарифі 10%-ға 41,26 теңгеден текше метр үшін 37,13 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) және су бұру (кәріз) тарифі 34,81 теңгеден текше метр үшін 31,4 теңгеге дейін төмендеді. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығару бойынша тарифтер 5%-ға төмендеді: абаттандырылған сектор үшін бір адамға 259,2 теңгеден 246,2 теңгеге дейін; жеке сектор үшін бір адамнан 276 теңгеден 262,2 теңгеге дейін.

 

Астана қаласы Әкімінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив