Қазақ хандығын қалыптастыру мен нығайтудағы қазақ елінің құқығы және билер сотының төрелігі

Қазақ хандығын қалыптастыру мен нығайтудағы қазақ елінің құқығы және билер сотының төрелігі

Қазақ хандығының мемлекеті мен құқықтық жүйесі Қазақстанның ұлан-ғайыр өлкесін мекендеген көшпелі тайпалар – сақтардың, олардан кейінгі үйсіндер мен қаңлылардың қоғамдық құрылысындағы әскери – демократиялық үдерістерден бастау алады. Қазақстан жерін мекендеген ғұндардың жоғарғы өкімет билігі рубасылар кеңесінде болды. Кеңес патшаға бағынды. Мемлекет белгілі деңгейде қалыптасқан құқықтық нормаларға сүйеніп жұмыс істеді. VII ғасырдың басында Алтай өлкесін мекендеген түркілік қағанаттарда құқықтық ғұрыптар қалыптасып, «төру» деп аталған жазба заңдар пайда болды. «Төру» ұғымы XVI ғасырға дейін қолданылып келді де, соның негізінде «төре бітігі» деп аталатын Заңдар жинағы қабылданды. X ғасырда Жетісу мен Шығыс Түркістанда құрылған Қарахан хандығы мұсылман дінін қабылдап, оны мемлекеттік идеологияға айналдырмақ болды. Алайда мұсылман діні көпке дейін жалпыға ортақ дін бола алған жоқ. Түркі тайпалары арасында, оның ішінде қазақтарда да тәңірге табынушылық түріндегі ескі нанымдардың тамыры терең жайылған еді. Олардың қалдықтары қазірге дейін сақталып келді. Мұсылмандықтың саяси және құқықтық идеялары түркі қоғамының өмірінде үлкен роль атқарды. Исламның құқықтық нормалары жақсы жетілген, араб елдерінің мемлекеттік және құқықтың жүйелерінің дамыған кезеңінде қалыптасқан болатын. Олар түркі халықтарының саяси және құқықтық өміріне тез сіңді және осы уақытқа дейін пайдаланып келеді. Түркі тілінде құқық және мемлекет деген терминдердің пайда болуы олардың қоғам өміріндегі саяси құбылыс ретінде қалыптасқандығының дәлелі болып табылады.

 

         Қазақстан қоғамы дамуының табиғи – тарихи үрдісін XIII ғасырдағы монғол–татар шапқыншылығы бұзып жіберді. Олар әскериленген мемлекеттік машина құрды. Оның басында хан тұрды. Мемлекеттік лауазымдардың бәрін Шыңғысханның ұрпақтары атқарды. Кейін ханның Шыңғыс әулетінен ғана сайлануы бұлжымайтын ережеге айналды. Халық арасында «төре» деген ерекше әлеуметтік топ пайда болды. Олар өздерінің қара халықтан бөлек ұстады. 1206 жылы тарихқа танымал Заңдар жинағы «Шыңғыс ханның жасасы» пайда болды. Бұл Заң жаулап алынған елдердің бәріне қолданылып, олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік қатынастарын реттеді.

 

         Қазақ халқының ұлттық құқықтық жүйесінің қалыптасуы XV ғасырдың орта шеңінде құрылған қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі Жәнібектің баласы – Қасым хан есімімен байланысты. Қасымның тұсында Қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды. Қазақ тарихында тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді. Бұл жүйе осы өлкеде ғасырлар бойы келе жатқан құқықтық ғұрыптарды негізге ала отырып, дербес өмір сүріп отырған Қазақ мемлекетінің жағдайына бейімделіп жасалды. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады.

Кемеңгер Қасым хан ел басқару жүйесінде ата жолын берік ұстап, ескі билерден қалған қазақтың заңдық ғұрыптарын қадірлеп, оларды  жаңа заманға бейімдеп, жаңа жағдайға сәйкес жаңа низам жүйесін жасады. «Қасым ханның қасқа жолы» аталған бұл қөне жарғы сол кездегі қазақ қауымының қоғамдық, құқықтық қатынастарын қалыптастырды, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт ережелерін бекітті, адамдар және ру - тайпалар арасындағы барлық қатынас жүйелерін реттеді. Академик Әлкей Марғұлан «Қасым ханның қасқа жолы» да Заңдарын былай түсіндіреді: «Қасым ханның қасқа жолының» негізі орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданға «ярғу» заңдарынан алынған, қазақша «Жарғы» деген ұғым береді. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, тең бөлуден, дәл, әділ айтудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық ардақтап, «қара қылды қақ жарған» деп мақтаған. Өзінің мазмұны бойынша бұл Заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскери-демократия арнасына барып тіреледі.

 

         «Қасым ханның қасқа жолы» бес бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде малға, мүлікке және жерге байланысты қатынастар баяндалады. Екінші бөлімде түрлі қылмыстар мен оларға қолданылатын жазалар тұжырымдалған.

Үшінші бөлім - әскери қызмет атқару ережелеріне және әскери тәртібін бұзушыларға берілетін жазаларға арналған. Төртінші бөлімге елшілік қатынастарды реттейтін нормалар – елшілерді тағайындау, басқа елдердің елшілерін қабылдау, шет мемлекеттер өкілдерімен келіссөз жүргізу рәсімдері енгізілген. Соңғы – бесінші бөлімде аруақтарға арнап ас беру,түрлі той думандар ,тағы басқа дәстүрлі шараларды өткізу тәртібі айтылады.

 

         XV-XVI ғасырларда Бұхардың ишан қазылары, Қазақ өлкесіне діни үгіт таратып, «Ежелгі Жарғы Заңынан бас тартыңдар. Ол көкке табынатын дінсіздіктің ісі, оның орнына шариғат қағидасына ауысыңдар. Ант бергенде, көк соқсын деп айтпаңдар,құран соқсын деп құранды бастарыңы көтеріңдер»,- деп үгіттейді. Бірақ, халық бұқарасы оған селқос қарап, көк заман шариғат қағидасына ойыса қоймады. Бұл тарихи жағдайларды жақсы түсінген Қасым хан халық тілегіне жақын ежелгі «Жарғы» Заңың жаңадан күшейтті. Халық Қасым ханның шариғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер Заңы – «Жарғыны» жаңадан көтергенін қатты ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кетті деп жазады Әлкей Марғұлан. Озық ойлы Қасым хан заманының халық болашағына пайдалы жаңалықтарын көре білді. Шариғат заңдарын қабылдамағанымен, ислам діні уағыздарының, жақсы жақтарын да көре білді. Исламның Қасым ханға ерекше ұнағаны – араб жазуы болды. Ол дереу араб жазуын жаппай үйренуді бұйырды.

 

         Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуда айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болған Есім хан дарынды әскербасы ғана емес, білікті саясатшы,парасатты,мемлекет қайраткері ретінде Есім хан қазақ зандығының сыртқы шекарасын нығайтумен қатар, елдің ішкі жағдайын да жақсартты. Есім ханның кезінде, ел мамыражай әрі сенімді тіршілік кешті. «Есім ханның ескі жолы» атты атақты Заң желісі мемлекетттің тұғырлы әрі берік ішкі және сыртқы саясатын қалыптастырды. Ол әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті, әскер тәртібін бұзушыларға қолданылатын жазаны нығайтты. Бұл жоңғарлардың шапқыншылық әрекеттерінен қорғану қажеттілігінен туындаған еді. Қалған мәселелерде Есімхан бұрынғы құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтап қалды. Сондықтан оған халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.

 

         Қазақ хандығының іргелі ел екенін әлемге паш етіп танытқан, оның абырой беделін күшейткен, қазақтың құқық жүйесіне елеулі өзгерістер енгізген Салқам Жәңгір Ханның ұлы Тәуке хан болды, тарихтағы халық берген есімі - Әз Тәуке, яғни  дана Тәуке болатын. Әз Тәуке қазақ тарихында бір тұтас мемлекетті күшейтуге бағытталған бірқатар реформалар жүргізген реформатор мемлекет басшысы ретінде қалды. Тәуке мемлекеттік билікті бейбіт күнде қолға алды. Оның мемлекеттік қайраткер ретінде қалыптасуы да отыз жылдық бейбіт кезеңмен тұспа-тұс келеді. Тәукенің қол бастаған жауынгер хан емес, ақылман хан ретінде билік құруының түп-төркіні де осында жатса керек. Тәуке ханның ел үшін сіңірген тарихи еңбегі негізінен екі қырынан айқындалады. Біріншісі, елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты шебер ұйымдастырып, сырттан көз алартқан көп жауға дес бермей, мемлекетті сақтауы, екіншіден, елдің ішкі жағдайын реттеуде саяси құқықтық реформалар жүргізуі болып табылады.

 

         Мемлекеттің ішкі құрылымын реформалау барысында Әз Тәуке алты алаштың тізгінін алты биге ұстатты. Яғни, Ұлы Жүзде, үйсін Төле би, Орта жүзде Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші Жүзде алшын Әйтеке би, Қырғызда Қараш би, Қарақалпақта Сасық би, Құрамада Мұхамед би тізгін ұстады.

 

         Әз Тәукенің қазақ мемлекетінің тарихындағы ең үлкен еңбегі – «Жеті Жарғы» деп аталатын заң жүйесін жасауы. Шын мәнінде Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» қазақ халқының этникалық болмысын, әлеуметтік – шаруашылық және мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың географиялық қоныстануы негізінде жасалған мемлекеттің, саяси-құқықтық, әлеуметтік өмірінде нақты көрініс тапты. Тәуке ханның тарихи еңбегі, бұған дейінгі сан ғасырлық өмір тәжірибесін, көшпелілердің демократиялық үрдістерін жан-жақты қорыта келіп, елдің береке-бірлігіне қызмет ететін жаңа мемлекеттік-құқықтық жүйені жасай білуінде. Сондықта да халқы оны «Әз Тәуке» деп құрмет тұтты. «Жеті жарғы» өз бабына өзіндік бір кодекс пішініндегі құқықтық нормалардың сындарлы тұжырымдарын жинады. Онда бір сыпыра жаңа прогресті құқықтық ережелер бар. Кек алудың «қанға қан» деген түріне тыйым салынды. Кісі өлтірген немесе соққыға жығып, денеге жарақат түсірген жағдайда төленетін құнның мөлшері нақтыланды. Билік басындағы сұлтандар мен билердің өктемділігіне шектеу қойылды. Қоғамның кедей топтарының әлеуметтік жағынан – қорғалуын қамтамасыз ететін құқықтық нормалар енгізілді. Байлар кедей туыстарына сауын беруге, көші-қон кезінде көлік жағынан көмектесуге тиісті болды.  Апатты жағдайға ұшырап, күйзеліп қалған адамдарға көмектесу міндеттелді. Сонымен қатар Тәуке ханның Заңдарында төре мен қара арасындағы теңсіздік құқықтық жағынан берілді. Ақсүйектер әлеуетінің адамы үшін құн қарапайым халыққа қарағанда жеті есе көп болып белгіленеді. Тұрмыстық қатынастарда да патриархаттың нормалары сақталып қалды. Балалардың тағдырын әкесі шешті, әйелге күйеуі қожа болды. Үй ішіндегі құл мен күң Заң жүзінде қорғалмады.

 

         Дауды шешетін билерді дауласушы жақтар қазақтың жол жорасын жетік білетін, халық арасында абыройлы адамдардан өздері қалап алатын. Қазақ халқында өздерінің әділдігімен, тапқырлығымен атағы шыққан билер аз болмады. Сот хаттамасы қағаз жүзінде жүргізілмеді. Дауласушылар бір бидің төрелігі келіспеген жағдайда, екінші биге барып жүгінуге ерікті болды. Ең жоғары сот билігін  хандар иемденген. Ал одан төменгі сот билігі билердін қолында болды . Көп жағдайда би қызметін немесе сот ісін тайпа басшылары жүргізген, өйткені олардың кінәлі жақты сот үкімін орындауға  мәжбүр етерлік күші болды. Әрбір бидің билік ауқымы өз ру тайпасымен шектелді. Сонымен бірге өзге тайпа, тіптен жүз адамдары келіп жүгінетін аса беделді билер де аз болмаған. Ал ру тайпалар арасындағы даулы, сондай-ақ,   жалпы ұлттық мәселерді арнайы шақырылған  құрылтайда талқылап, ортақ шешім қабылдап отырған. Орыс тарихшысы А.Левшин қазақ мемлекеттігінің осы кезені туралы: «Ол (яғни Тәуке хан)  өзінің  ақыл парасатымен және  әділгімен бәрін де өзіне бағынуға мәжбүр етті... және жалпыға ортақ Заң беріп сол бойыша төрелік жасады, сөйтіп күшке емес,ақылға,тәжірибеге және айлаға сүйенді. Әрбір Жүздің ерекшелігін ескере отырып басқару және бақылап отыру үшін оған бағынышты үш би сайланды: Ұлы жүзде Төле би,  Орта Жүзде Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші Жүзде Әйтеке би.

 

Тәуке хан тұсында билер институтының белсенділігі өсіп,олар күнделікті құқық,шаруашылық,әскери және идеологиялық істерді жүргізуде маңызды орынды иемденді.

ХІХ ғасырдың бас кезіне дейін қазақтардың  өздеріне тән бірегей дәстүрлі билер соты болды. Ол көшпелі өмір салтына бейімделген еді. Билер, билер соты Ресей Қазақстан аумағына азаматтық және әскери сот жүйесін еңгізгенге дейін бірқалыпты жұмыс істеді. Олар қылмыстық, мүліктік ішкі отбасылық тәртіп бұзушылықтармен қылмыс түрлерін қарап, қоғамның құқықтық өмірін  ретке келтіріп отырды.Қазақ қоғамында билер ешқашан сайланып та, тағайындалып та қойылмаған.Би болатын адамның  бойынан бірнеше қасиет табылуы тиіс еді. Біріншіден би, дәстүрлі әдет құқығын жете білуге міндетті.Екіншіден, би атағынан үміткердің шешендік өнер мен аталы сөзді жақсы меңгеруі қажет. Үшіншіден, барынша адал, ешкімге бұратартпайтын әділ болуы шарт.

Билер сотының дала тұрғындарының арасындағы беделі зор болды. Көп жағдайда Қазақстандағы орыстарды өздеріде империялық соттангөрі қазақтың билер сотына жүгінгенді артық санады. Мәселен, мынадай елеулі оқиға туралы айта кетуге болады.1865 жылға дейін Көкшетау сыртқы округында орыстар 117 рет билер сотына шағым түсірген.Билер сотының артықшылығын орыс зертеушісі А.Гейнс өте жақсы байқаған болатын , ол былай деп жазды: «Билер соты ашық және барынша әділ жүргізіледі ». Сондықтан, да оны қазақтар ғана емес, орыс зиялыларыда , қазақтар да құрметтейді, олардың көпшілігі билер сотына барып шағыданады. Патша үкіметі XIX –шы ғасырдың 20-90-шы жылдар аралығында билер сотын тарата бастады. Өйткені билер соты отаршыл өкімет орындарының өкімет  орындарының жалпы империялық басқару тәртібін еңгізуіне көп кедергі келтірген болатын.Қазақтың көрнекті ғалымы Ш. Уалиханов  билер сотына жоғарғы баға берді. Ол  билер сотының ертеден келе жатқан халықтың тілі,  мақаласында былай деген еді: «Би атағын беру –қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы  немесе халықты билеп отырған үкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес». Тек сот  ғұрыптарын әбден жетік білетін, тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болып отырған  би болам деген қазақ өз өзінің  ісіне жетіктігімен шешендік қабілеті бар екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы жұрттың бәріне мәлім болып отырған.

Сонымен бірге артына аталы сөз қалдырған  есімдері ел жадында сақталған, қазақтың ұлан-байтақ жерінде әрқайсысы өз елінде әділ билік құрған қаншама атақты би- көсемдерді, сөзге шешендерді айтуға болады.

 

Астана қаласының

мамаңдандырылған ауланаралық

әкімшілік сотының төрағасы                                         

Рахматуллаев У.Ғ.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

  1. аватар
    Jeannine 28 декабря 2023 08:49

    Howdy just wanted to give you a quick heads up. The words
    in your post seem to be running off the screen in Internet explorer.
    I'm not sure if this is a formatting issue or something to do with web
    browser compatibility but I thought I'd post to let you know.
    The design look great though! Hope you get the problem resolved soon. Cheers

    Have a look at my website - Katrice

  2. аватар
    Jacelyn 13 января 2024 01:53

    I've been surfing on-line greater than 3
    hours nowadays, yet I by no means found any interesting article like yours.
    It is beautiful price sufficient for me.
    In my opinion, if all website owners and bloggers made good content as you
    did, the internet will be a lot more helpful than ever before.


    Take a look at my blog ... aankoop celebrex
    zonder voorschrift

  3. аватар
    Angela 27 апреля 2024 03:57

    Its such as you learn my thoughts! You seem to know so much approximately this,
    such as you wrote the e-book in it or something.

    I feel that you simply could do with a few percent to pressure the message house
    a little bit, but other than that, that is great blog.
    A great read. I will certainly be back.

    Feel free to visit my blog - интерьердегі бохо стилі

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив