Маңғыстауда электр қуатының тарифі 17% төмендеді

Маңғыстауда электр қуатының тарифі 17% төмендеді

 

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысына өңірдегі коммуналдық қызметтер тарифтері туралы баяндады. Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырыста электр және жылу энергиясына қолданыстағы тарифтердің қалыптасуы, сондай-ақ энергетикалық қызмет нарығында баға белгілеуді бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметі талқыланды.

Маңғыстау облысында қолданыстағы тарифтерді төмендету бойынша нақты шаралар қабылданды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Ақтау қаласы бойынша электр беру тарифі 187 мың адамды қамтуымен 26% - ға төмендеді. Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап электр энергиясын өндіру тарифі 671,3 мың тұрғынды қамтумен 8% - ға төмендеді. Екі энергия беруші компанияның электр энергиясын жеткізу схемасынан алып тастау арқылы Ақтау қаласының қала маңы бойынша тариф 5 мың адамды қамти отырып, 17% - ға төмендеді. Нәтижесінде барлық облыс бойынша электр энергиясына тарифтің жалпы төмендеуі орта есеппен 17% құрады.

«Прокуратура органдары «МРЭК» АҚ үшін 8,4 млрд. теңге сомасына еңбекақы қоры мен қарыз сыйақысы шығындары бөлігінде электр қуаты тарифының негізсіз бекітілуі бойынша облыстық монополияға қарсы Департаментке қатысты талап арыз берді (еңбекақы төлемдері қоры 1,9 млрд.теңге, және қарыз сыйақысы 6,5 млрд.теңге).

Талап қанағаттандырылған жағдайда, облыстың барлық тұрғындары үшін тариф  20-30%  төмендейді. 2018 жылға 1 кВт/сағ үшін 2,32 теңгеден 1,74 теңгеге дейін; 2019 жылға 2,49 теңгеден 2,06 теңгеге дейін; 2020 жылға 2,66 теңгеден 2,18 теңгеге дейін», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық шағын Электржелілік компанияларды оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл электр энергиясының тарифін орташа есеппен 7% - ға 16,85 теңгеден 1 кВт/сағ үшін 15,74 теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, "МЭБК" АҚ Электржелілік компаниясының алдына 9,2 млрд.теңге сомасына Электрмен жабдықтаудың жаңа желілерін салуды есепке ала отырып, инвестициялық бағдарламаны қабылдау міндеті қойылды.

 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив