Ақмола облысы тұрғындарына тегін білікті заңгерлік көмек көрсетілуде

Ақмола облысы тұрғындарына тегін білікті заңгерлік көмек көрсетілуде

 

Бүгін халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында Көкшетау қаласының "РИО" ойын-сауық орталығында "Халық заңгері"науқаны өткізілуде.

Науқанды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Zakon.kz ақпараттық жаңалықтар порталымен және «Параграф» ақпараттық жүйесімен бірлесіп ұйымдастырды.

Халыққа тегін жоғары білікті көмек көрсету үшін түрлі салалардың 40-тан астам кәсіби заңгерлері тартылды. Олардың ішінде танымал қорғаушылар, нотариустар, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әділет департаменті, көші-қон полициясы қызметшілері, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б.

Департамент басшысы Берген Беспалинов аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

«Заңгер мамандығы барша әлемде әлдеқайда құрметтелетін және қажет етілетін мамандықтар қатарынан табылады. Біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз және әрбір азамат өз құқықтарын білуі және оның бұзылмауын талап ете білуі тиіс. Бүгін әрбір азаматтың білікті заңгерлік көмек алуға құқығы бар. Біздің міндет – халыққа қызмет, демек, біздің міндетіміз – азаматтардың барлық қажетті ақпаратқа қол жеткізуі үшін бар күшімізді салу, мәселелерін шешу үшін әрі қарай дұрыс бағыт-бағдар беру» - дейді Берген Беспалинов.

Облыс тұрғындары өте түрлі мәселелер бойынша кеңес алды. Мысалы жер мәселесі, мүгедектілікті тағайындау, салықтық төлемдер, әлеуметтік қорғау, сот актілерін орындау, зейнеткерлік төлемдер, неке бұзу үдерістері, мүлікті бөлісу және т.б.

Науқанды өткізуге дейін Департамент бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп, барша халықты тегін заңгерлік көмек алу мүмкіндігі жөнінде ақпараттандырды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив