«Білім» мен «жемқорлық» - өзара сыйыспайтын ұғымдар

«Білім» мен «жемқорлық» - өзара сыйыспайтын ұғымдар

Бүгін Ақмола облысында Көкшетау қаласының Ж.Мусина атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінде білім саласының қызметшілері үшін  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментінің басшысы Қ.Бекбасовтың және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Б.Беспалиновтың қатысуымен семинар-жиналыс өтті.

Өз сөзінде Қ.Бекбасов еліміздегі мемлекеттік басқару салаларының ішінде білім беру жүйесін дамытуға басым рөл берілгенін атап өтті. Ағымдағы жылы облысымызда аталған саланың қажеттіліктеріне шамамен 70 млрд. теңге бөлінген.

«Біздің тарапымыздан мұндай қаражаттың шығындалуы жүйелік тексеріске және айрықша бақылауға алынбақ. Мемлекет бөлген қаржының мақсатсыз қолданылуының немесе ұрлануының кез-келген алғышарттары жойылатын болады. Сол себепті мен барлық қатысушыларды адал, сатылмайтын болуға, сонымен қатар жемқорлыққа мүлдем төзбеуге шақырамын» - деп Қ.Бекбасов өз сөзін қорытындылады.

Б.Беспалиновтың айтуынша, «қоғам мен мемлекеттің интеллектуалды, адамгершілік және ресурстық әлеуеті ең алдымен балабақшада, кейін мектепте қалыптасады. Дәл осы жерде біздің сіздермен бірлесіп атқаратын жұмысымыз түйіседі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім – біздің жұмысымыздың маңызды бағыты, себебі біз өскелең ұрпақпен жұмыс істейміз. Балалық шақтан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру - жемқорлық сияқты зұлымдықты жоюға ықпал етеді».

Өз кезегінде Департамент білім басқармасымен, жоғары оқу орындарымен білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша жүйелік жұмыс атқаруда.

Облыстағы жоғары оқу орындарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні енгізілді. Тәрбиелеу үдерісінің барысын айқындайтын бағдарламалық құжаттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мәселелерімен толықтырылды. Мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасының шеңберінде «Адал ұрпақ» клубтары жұмыс істейді.

Жиналыс барысында қамқоршылық кеңестердің қызметін ұйымдастыру бойынша заңнаманың талаптары түсіндірілді.

«Бүгін білім саласындағы уәкілетті орган міндетті толығырақ қаржылық есепті жария ету тәртібін енгізіп, бұл қаражатты мақсатсыз қолдануға және жемқорлық әрекеттерін жасауға шек қоятын болады. Облысымыздағы мектептер мен білім бөлімдерінің сайттарында арнайы қосымша парақтар ашылып, олардың ішінде мекеменің бюджеті туралы толық және қолжетімді ақпарат орналастырылған.

Біз жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесінде тікелей және ашық диалогқа, еліміздің адамгершілігі мол азаматын тәрбиелеуде белсенді ынтымақтастық құруға дайын болуымыз керек» - деп Берген Беспалинов атап өтті.

Өз сөзін ол Анатолий Васильевич Луначарскийдің: «Педагог — жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді, кінәрәттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам» деген сөзімен аяқтады.

Іс-шараға шамамен 150-ден астам адам қатысты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив