«ЕЖББК мемлекеттерінің білім министрлерінің Париж конференциясының қорытындылары: қазақстандық жоғары оқу орындарының институционалды дамуы - 2020 жылға дейінгі көзқарас»

«ЕЖББК мемлекеттерінің білім министрлерінің Париж конференциясының қорытындылары: қазақстандық жоғары оқу орындарының институционалды дамуы - 2020 жылға дейінгі көзқарас»

2018 жылдың 2 қарашасында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы «ЕЖББК мемлекеттерінің білім министрлерінің Париж конференциясының қорытындылары: қазақстандық жоғары оқу орындарының институционалды дамуы - 2020 жылға дейінгі көзқарас» тақырыбында семинар өткізеді.

Семинар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өтеді, мекен-жайы: Астана қ. Сатпаев к-сі, 2 (Бас ғимарат).

Бұл іс-шараның мақсаты академиялық қоғамдастықты Париждегі коммюнике шеңберінде жоғары білім берудің негізгі бағыттары туралы хабардар ету болып табылады.

Құжат ЕЖББК министрлерінің Париж конференциясы барысында Болон процесіне қатысушы елдердің білім министрлерімен 2018 жылдың 24-25 мамыр айында қабылданды. ЕЖББК министрлік конференциясы Болон процесінің құрылымы мен дамуының барлық мәселелері бойынша ең жоғары шешім қабылдаушы мүше болып табылады.

Семинар жұмысында Қазақстан Республикасының орталық, солтүстік және шығыс аймақтарындағы жоғарғы оқу орындарының академиялық қызметтерінің жетекшілерінің қатысуы, сондай-ақ олардың интернационалдандыру, көптілділік және профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру мәселелерін үйлестіруі жоспарланады.

Семинар бағдарламасы жоғары білім беруді дамытудың негізгі басымдықтары бойынша есептерді ұсынуды қарастырады. Семинарда спикерлер оқыту және сабақ беру, ішкі сапа кепілдігі және аккредитация, Ұлттық біліктілік жүйесі мен кәсіби стандарттардың рөлі, шетелдік формалды білім беруді тану, білім беруді интернационалдандырудың проблемалары мен перспективалары, Қазақстандық жастардың халықаралық студенттік қарым-қатынастарын кеңейту сияқты мәселелерді қамтиды.

Семинардың екінші жартысында білім беру бағдарламаларының конструкторын көрсету, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің, білім беру бағдарламаларының реестрін негізгі принциптерін таныстыру жоспарлануда.

Іс-шара соңында қатысушыларға Болон процесінің негізгі құжаттары, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық еркіндігі туралы ережелер ұсынылады.

 Күні: 2018 жыл 2 қараша

Уақыты: 09.30 - 17.00

Өткізілу орны: Астана қ. Сатпаев көшесі 2, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. (Бас ғимарат), Ғылыми Кеңес Залы

 

 

ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив