Clarivate Analytics  компаниясы «Ғылым көшбасшысы – Web of Science Citation Award» салтанатында қазақстандық ғалымдардың жетістіктерін атап өтеді

Clarivate Analytics компаниясы «Ғылым көшбасшысы – Web of Science Citation Award» салтанатында қазақстандық ғалымдардың жетістіктерін атап өтеді

Clarivate Analytics  компаниясы Қазақстан ғылымының халықаралық беделін нығайту үшін оқу орындары мен ғылыми журналдардың өкілдері, және жеке ғалымдардың жетістіктерін бағалап, марапаттау рәсімін дәстүрлі түрде  өткізіп келеді. Жыл сайын «Ғылым көшбасшысы – Web of Science Citation Award» халықаралық  сыйлығын бүкіл әлем бойынша 500-ден астам адам иеленіп, лауреат атанады.

Биылғы «Ғылым көшбасшысы» сыйлығымен марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен 2018 жылы 20 қыркүйек күні сағат 10.00-де Астанадағы  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан ғалымдарының жетістіктерін атап өтуге арналған салтанатты шараға 100-ден астам қонақтар шақырылған: сараптау қорытындысы бойынша 10 зерттеуші және 8 ұйым Web of Science Core Collection жетекші халықаралық ғылыми базасында мақала жариялау белсенділігі мен бүкіл ғылыми бағыттар бойынша ғылыми еңбектердің дәйексөз талдау көшбасшылары ретінде анықталып отыр.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының авторлары 41 жоғары сілтемелі ғылыми мақала жариялаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 еңбекке көп. Сондай-ақ бұл елімізде ғылыми мақала жариялау қызметінің тұрақты өсуі мен  Қазақстан ғалымдарның әлемдегі ғылыми-зерттеуге аса маңыз беріп отырғанын   көрсетеді. Жоғары сілтемелік ғылыми мақалалар - Web of Science Core Collection базасында жарияланған құжат және ол 1% алса да шын мәнінде серпінді зерттеу нәтижелері болып табылады.

Салтанатты шараның басты мақсаты - Қазақстанның жетекші ғалымдары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары және жоғары оқу орындарының ұлттық және әлемдік ғылымның дамуына қосып жатқан жетістіктерін атап өту. Сондай-ақ бұл басқосуда Web of Science халықаралық платформасы және InCites сараптамалық орталықтар секілді ғылымды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, ғылым саласының өкілдерін бір жерге жинай түседі. Ал беделді халықаралық сарапшылар, білім беру, саяси және экономикалық үйірмелер әлемдік ғылыми кеңістікке жол ашады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив